Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шараның қорытындысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №188-ө өкімімен бекітілген 2024 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2021 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудиторлық іс-шара барысында бұзушылықтар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын игеру мақсатында ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше специфика сомаларын ауыстыруды жүргізген; іссапар шығынын асырып төлеген; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылыққа жол берген; бензинді нормадан асырып есептен шығарған; негізгі құралдарды сақтауға жауапты лауазымды адамдарды тағайындамаған; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шара қабылдамаған; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша бұзушылыққа, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бұзуға жол берген.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V кодексінің 207, 238-баптарында көзделген мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықталған белгілері фактісі бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемесі бар материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті орган – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.

Анықталған бұзушылықтардың себептері – қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы жеткілікті білмеу, аудит объектісінің лауазымды адамдарының қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуын жеткілікті түрде бақыламауы, сондай-ақ уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ тарапынан тиісті бақылаудың болмауы.

Дата публикации
05 июля 2024
Дата обновления
05 июля 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы