1. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы
Облыста 491 ауылдық елдi мекеннiң iшiнде 482 АЕМ тұрақты жолаушылар автомобиль қатынасымен қамтылды, қамтылуы 98,2% құрайды.
2. Облыс бюджетiнiң, облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп
Облыс бойынша 1 автовокзал, 16 автостанция және 2 жолаушыларға қызмет көрсету пунктi жұмыс iстейдi. Ұлттық стандарттарға сәйкес келетiн автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерiнiң үлесi 89,5%-ды құрайды.
3. Тұрақты жолаушылар бағытындағы тозған автобустар үлесiн қысқарту
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша 524 бiрлiк қоғамдық көлiкпен жолаушыларды тасымалдау бойынша 54 тасымалдаушы қызмет көрсетедi. Оның iшiнде пайдалану мерзiмi 6 жылға дейiнгi 213 немесе 40,6% жылжымалы құрам.
4. Такси тасымалдаушыларының санын арттыру
Петропавл қаласында тiркелген 898 жеке кәсiпкер жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды жүзеге асырады. 5 диспетчерлiк такси қызметi жұмыс iстейдi: «Империал»; «Апельсин»; «Троечка»; «Taxi KZ»; «Максим».
Такси қызметiн жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар жергiлiктi атқарушы органдарға берiлген қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама негiзiнде жүзеге асырады.
5. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесi
2019 жылдың нәтижесi бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының үлесi 65%-ға жеттi.
2020 жылға 69%-ға жеткiзу жоспарланған, жоспар толық орындалды.
2021 жылға 74%-ға дейiнгi көрсеткiшке қол жеткiзу жоспарланған.
6. Кәрiз желiсiнiң, жылу желiсiнiң және су өткiзу желiлерiнiң тозуы туралы ақпарат
Жылу желiсiнiң тозуы — 12%;
Су құбыры желiсiнiң тозуы — 12%;
Кәрiз желiсiнiң тозуы — 12%.