Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін».
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
1. Кірістер бойынша облыс бюджеті 2017 жылғы 1 сәуірге 103,5% атқарылған немесе есепті кезең жоспарындағы 43 557,4 млн. теңгеден 42 087,5 млн. теңге түсті.
Жеке табыстар бойынша жоспар 9 480,7 млн. теңге сомасында немесе 118,9% орындалды (жоспар — 7 974,6 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаментімен ескерілетін салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 7 643,7 млн. теңгені құрайды, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 3 073,0 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 4 570,7 млн. теңге.
Есепті кезеңде облыс бюджетіне 9 102,1 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 119,1% түсті, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 3 798,6 млн. теңге немесе 123,6%, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 5 303,5 млн. теңге немесе 116,0%.
Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 33 990,4 млн. теңгеден 33 954,2 млн. теңге сомасында түсті.
2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2017 жылғы 1-тоқсанда 98,8% атқарылды, жоспардағы 42390,3 млн. теңгеден шығыстар 41892,7 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 497,6 млн. теңге сомасында игерілмеді.
Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2017 жылғы 1-тоқсанда 11027,2 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9% (жоспар — 11039,6 млн. теңге).
Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 0,3 млн. теңгеден игеру 0,3 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 50,2 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 85,5 пайызды құрады (жоспар 58,7 млн. теңге).
1-кесте

Денсаулық сақтау бойынша 2017 жылғы 1 сәуірде шығыстар 4349,1 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9% (жоспар 4349,4 млн. теңге).
2-кесте

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 1032,7 млн. теңгені немесе жоспардың 97,5% құрады (жоспар 1059,5 млн. теңге).
3-кесте

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 776,6 млн. теңгеден 775,4 млн. теңгені немесе 99,8% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 53,3 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 94,3% (жоспар 56,5 млн. теңге).
4-кесте

Ескерту: 2013-2015 жылдардағы шығыстар мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес.
Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 1060,2 млн. теңгеден 1059,5 млн. теңге немесе 99,9% игерілді (5-кестеге сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 15,1 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 15,1 млн. теңге немесе 100,0%).
5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2017 жылғы 1 сәуірге тұрғын үй салуға шығыстар 392,0 млн. теңгені құрады (жоспар 392,0 млн. теңге немесе 100,0%), ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 172 млн. теңге тұрғын үй салуға бағытталды
Сумен жабдықтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспар 2 029,4 млн. теңге.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 320,2 млн. теңге игерілді (жоспар 346,2 млн. теңге немесе 92,5%).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020»бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:
«Бизнестің жол картасы 2020»бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бойынша 1 668,5 млн. тенге. 2017 жылғы 1 сәуірге жоспарындағы 556 млн. теңгеден игерілді (жоспар 556 млн. теңге немесе 100%), соның ішінде:
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2017 жылы 4957,8 млн. теңге сомасына бюджеттік қаражат бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 2725,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2232,8 млн. теңге.
2017 жылғы 01 сәуірге жоспардағы 224,3 млн. теңгеден игерілу 223,9 млн. теңгені немесе 99,8 пайызды құрады. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:
Бірінші бағыт бойынша бірінші мамандықты алу үшін тегін кәсіби оқуға 84,5 млн. теңге; қысқа мерзімді кәсіби оқуға 292 млн. теңге бөлінді, игерілу қыркүйек айынан жоспарланды.
Екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жылдық жоспар 2246,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 1782,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 464,8 млн. теңге, игерілу сәуір айынан жоспарланды.
Үшінші бағыт бойынша халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының жұмылғыштығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жылдық жоспар 2073 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 942 млн. теңге, жергілікті бюджетен 1131 млн. теңге. Есепті кезеңдегі жоспарындағы 163 млн. теңгеден игерілу 162,7 млн. теңгені немесе 99,8 пайызды құрады, игерілмеу 330 мың теңге, соның ішінде:
әлеуметтік жұмыс орындары бойынша: 228 мың теңге — контингенттің болмауы (Тимирязев ауданы); 102 мың теңге — ЕАҚ (94 мың теңге — уәлихано ауданы: 8 мың теңге — Ақжар, Есіл, Шал ақын, Мамлют ауданы)
Басқа да шығыстар:
14 жұмыспен қамту орталықты ұстау — жылдық жоспар — 260,5 млн. теңге, есепті кезеңдегі жоспарындағы 61,3 млн. теңгеден 61,2 млн. теңге игерілді; жұмыспен қамту орталықтарды ұстау бойынша үнемдеу — 139 мың теңге.
Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу — жылдық жоспар 1 млн. теңге, игерілу тамыз айынан бастап жоспарланды.