Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін».
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
1. Кірістер бойынша облыс бюджеті 2018 жылғы 1 қазанда 102,1% атқарылған немесе есепті кезең жоспарындағы 149 506,5 млн. теңгеден 152 590,8 млн. теңге түсті.
Жеке табыстар бойынша жоспар 29 762,1 млн. теңге сомасында немесе 109,3% орындалды (жоспар — 27 299,6 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаментімен ескерілетін салық түсімдері бойынша нақтыланған жоспар 24 462,2 млн. теңгені құрайды, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 9 278,8 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 15 183,4 млн. теңге.
Есепті кезеңде облыс бюджетіне 26 728,6 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 109,3% түсті, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 11 158,5 млн. теңге немесе 120,3%, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 15 570,1 млн. теңге немесе 102,5%.
Республикалық бюджеттен трансферттер 113 722,9 млн. теңге сомасында немесе 100% түсті.
2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2018 жылғы 3-тоқсанда 99,3% атқарылды, жоспардағы 150 404,9 млн. теңгеден шығыстар 149 310,0 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 1 094,5 млн. теңге сомасында игерілмеді.
Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2018 жылғы 3-тоқсанда 38 432,6 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100% (жоспар — 38 441,7 млн. теңге).
Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 1 077,0 млн. теңгеден игеру 100,0% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 292,0 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,4 пайызды құрады (жоспар 293,5 млн. теңге).
1-кесте

Денсаулық сақтау бойынша 2018 жылғы 1 қазанда шығыстар 2 408,5 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,8% (жоспар 2 412,2 млн. теңге).
2-кесте

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 4 581,3 млн. теңгені немесе жоспардың 100% құрады (жоспар 4 583,5 млн. теңге).
3-кесте

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 2 515,7 млн. теңгеден 2 516,4 млн. теңгені немесе 100,0% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 90,2 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 100,0% (жоспар 90,2 млн. теңге).
4-кесте

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 3 607,6 млн. теңгеден 3 607,4 млн. теңге немесе 100,0% игерілді (5-кестеге сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 92,0 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 92,0 млн. теңге немесе 100%).
5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2018 жылғы 1 қазанға тұрғын үй салуға шығыстар 10 542,4 млн. теңгені құрады (жоспар 10 542,4 млн. теңге немесе 100%), республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 4 060,7 млн. теңге тұрғын үй салуға бағытталды.
Сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша жоспар 581,6 млн. теңге, игерілу 567,2 млн. теңге немесе 97,5%.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 9 926,9 млн. теңге игерілді (жоспар 9 931,8 млн. теңге немесе 99,9%).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020»бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бойынша 2018 жылға нақтыланған жоспар 2 051,3 млн. тенгені құрайды. 2018 жылғы 1 қазанға жоспарындағы 1 414 млн. теңгеден атқарылды 1 413,8 млн. теңге немесе 100% құрады, соның ішінде:
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2018 жылы 6282,8 млн. теңге сомасына бюджеттік қаражат бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 4027,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2 555,7 млн. теңге.
2018 жылғы 1қазанға жоспардағы 4470,0 млн. теңгеден игерілу 4463,8 млн. теңгені немесе 99,9 пайызды құрады. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:
Бірінші бағыт бойынша бірінші мамандықты алу үшін тегін кәсіби оқуға жоспардағы — 196,1 млн. теңгеден 194,8 млн. теңге игерілді; қысқа мерзімді кәсіби оқуға жоспардағы 254,0 млн. теңгеден 254,0 млн. теңге игерілді немесе 100 пайыз.
Екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жылдық жоспар 3016,9 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 2620,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 396,4 млн. теңге. есепті кезеңдегі жоспардағы 2785,7 млн. теңгеден 1 қазанға 2785,7 млн. теңге игерілді.
Үшінші бағыт бойынша халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының жұмылғыштығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жылдық жоспар 2196,9 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 1289,9 млн. теңге, жергілікті бюджетен 907,1 млн. теңге. Есепті кезеңдегі жоспарындағы 914,6 млн. теңгеден игерілу 909,7 млн. теңгені немесе 99,5 пайызды құрады, игерілмеу 1585,6 мың теңге, соның ішінде:
әлеуметтік жұмыс орындары бойынша: 22 мың теңге — алушылардың нақты санының азаюына байланысты; жастар практикасы — 133,7 мың теңге, қоныс аударғандарға тұрғын-үйді жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі шығыстарды өтеу бойынша субсидия — 996,1 мың теңге, контингенттің болмауына байланысты, көшуге арналған субсидия — 169 мың теңге, контингенттің болмауына байланысты, қоғамдық жұмыстар — 165,7 мың теңге, бағдарлама қатысушыларын тұрақты жұмысқа орналастыруға байланысты, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру — 99,1 мың теңге, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу.
Басқа да шығыстар:
14 жұмыспен қамту орталықты ұстау — жылдық жоспар — 428,1 млн. теңге, есепті кезеңдегі жоспарындағы 319,1 млн. теңгеден 318,9 млн. теңге игерілді немесе 100%.
Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу — жылдық жоспар 1,1 млн. теңге. 1 қазанға жоспардағы 555 мың теңгеден 554,1 мың теңге игерілді. Контингенттің болмауына байланысты 0,9 мың теңге игерілмеді.