Меню

Страницы

Статья

Облыс бюджетінің атқарылуы (2019 жылғы 3 тоқсанда)

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында атап өтілгендей: «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы — Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл — ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Мен әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты — халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту».

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

1. Кірістер бойынша облыс бюджеті 2019 жылғы 3 тоқсанда жоспардағы 177 030,1 млн. теңгеден 103,5%-ға атқарылды немесе 183 206,2 млн. теңге түсті.

Жеке кіріс бойынша жоспар 34 853,6 млн. теңге сомасында немесе 118,4% атқарылды (жоспар — 29 435,9 млн. теңге).

Мемлекеттік кірістер департаментімен ескеретін салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 25 958,1 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттің жоспары 10 370,7 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. — 15 587,4 млн. теңге.

Есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 29 202,5 млн. теңге немесе 112,5%, сонымен қатар облыстық бюджетке 12 069,5 млн. теңге немесе 116,4%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне — 17 133,0 млн. теңге немесе 109,9% түсті.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 128 737,8 млн. теңге сомасында немесе 100,0% түсті.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2019 жылғы 3 тоқсанда 99,5% атқарылды, жоспардағы 177 533,5 млн. теңгеден шығыстар 176 611,7 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 921,8 млн. теңге сомасында игерілмеді.

Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2019 жылғы 3 тоқсанда 48 688,8 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,6% (жоспар — 48 860,0 млн. теңге).

Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы жоспар 1800,0 млн. теңге, игерілгені — 1781,3 млн. теңге немесе 99,0% .

Күрделі жөндеуге 4384,1 млн. теңге бағытталды, игерілу 4254,7 млн. теңгені немесе 97,0% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 265,9 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 97,7 пайызды құрады (жоспар 272,3млн. теңге).

1-кесте

Денсаулық сақтау бойынша 2019 жылғы 3 тоқсанда шығыстар 2520,1 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,98% (жоспар 2520,5 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 974,3 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады.

2-кесте

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 7030,3 млн. теңгені немесе жоспардың 99,8% құрады (жоспар 7047,4 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 40,0 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады (жоспар 40,0 млн. теңге).

3-кесте

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 4237,5 млн. теңгеден 4232,1 млн. теңгені немесе 99,9% құрады (4-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 73,5 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 100%.

4-кесте

Спорт бойынша жоспардағы 5297,7 млн. теңгеден 5279,0 млн. теңге немесе 99,6% игерілді (5-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 72,8 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 73,9 млн. теңге немесе 98,4%).

5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2019 жылғы 1 қазандағы тұрғын үй салуға шығыстар 7725,3 млн. теңгені құрады (жоспар 7725,3 млн. теңге немесе 100%), республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 3592,6 млн. теңге тұрғын үй салуға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 3631,7 млн. теңге бөлінді, жоспар 1.10.19ж 1669,1 млн. теңге, 1629,9 млн. теңге немесе 97,7% игерілді.

Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 2019 жылғы 1 қазандағы 972,4 млн. теңге игерілді немесе 100% игерілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;
  2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту;
  3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту;
  4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту;
  5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру;
  6. Халықтың шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылуын ұлғайту;
  7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау; 
  8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;
  10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
  11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2019 жылға нақтыланған жоспар 1 149,0 млн. теңгені құрайды. 2019 жылғы 1 қазанда жоспардағы 1141,0 млн. теңге бойынша атқарылу 1141,0 млн. теңгені немесе 100% құрады, оның ішінде:

  • есептік кезеңге жоспар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 902,0 млн. теңге, 902,0 млн. теңге игерілді, яғни 100%;
  • шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге есепті кезеңге жоспардағы 210,0 млн. теңге бойынша 202,0 млн. теңге игерілді, яғни 100%.
  • «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау, есепті кезең жоспарындағы 16,0 млн. теңгеден 100% игерілді;
  • «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру, есепті кезең жоспарындағы 21,0 млн. теңгеден 100% игерілді;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2019 жылы 9925,7 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 6650,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2523,1 млн. теңге нысаналы трансферттер. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен — 751,7 млн. теңге.

2019 жылғы 3 тоқсанда жоспардағы 7972,6 млн. теңге бойынша игерілу 7960,4 млн. теңгені немесе 99,8 пайызды құрады. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бірінші бағыт бойынша есепті кезеңге жоспардағы 866,2 млн. теңге бойынша, игерілді — 864,5 млн. теңге. Оның ішінде: бірінші мамандық алу үшін тегін кәсіптік оқытуға 768,2 млн. теңге игерілді; қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 96,3 млн. теңге немесе 99,8 пайыз.

Екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға есепті кезеңге жоспар 5746,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 5414,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 238,9 млн. теңге. 5746,0 млн. теңге игерілдінемесе 100%.

Үшінші бағыт бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жылдық жоспар 2055,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 1017 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1038,3 млн. теңге. Игерілу 972,9 млн. теңгені немесе 99 пайызды құрады, 10,1 мың теңге игерілмеді, оның ішінде:

әлеуметтік жұмыс орындары бойынша — 297,8 мың теңге, алушылардың нақты санының азаюына байланысты; жастар тәжірибесі — 1204 мың теңге, алушылардың нақты санының азаюына байланысты; қоныс аударушылар үшін тұрғын үй жалдауға (жалға алу) беру бойынша шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар — 855,9 мың теңге, факт бойынша төлем, қоғамдық жұмыстар — 84,2мың теңге, бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмысқа орналастыруға байланысты, жұмыс берушілерге субсидия — 0,8 мың теңге, факт бойынша төлем; қоныс аударуға субсидия(қоныс аударуға субсидия беру) — 647,8 мың теңге, алушылардың нақты санының азаюына байланысты.

Басқа шығыстар:

14 жұмыспен қамту орталығын күтіп-ұстау — есепті кезеңге жоспар — 375,9 млн. теңге, 100% игерілді.

Дата публикации
25 декабря 2019
Дата обновления
25 декабря 2019
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы