Республикасының заңнамасында өкілдік ететін тараптардың әрқайсысының (мемлекет, қызметкерлер мен жұмыс берушілер) мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізу және қоғамдық келісімді нығайту үшін бұдан әрі Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталатын өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүлтіксіз сақталуын мойындай отырып, Тараптардың тепе-тең өкілдігі мен тең құқықтылығы, қабылданған міндеттемелерді және сындарлы өзара іс-қимылды орындағаны үшін әрбір Тараптың өзара сыйластығы мен жауапкершілігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Келісім:
- әлеуметтік әріптестік және диалог;
- бағдарламалық және стратегиялық құжаттар;
- еңбек нарығы, халықты жұмыспен қамту;
- еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау;
- әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдерден сақтандыру және оның алдын алу жөніндегі іс-шаралар;
- Келісімнің орындалуын бақылау тәртібі;
- өзіне алған міндеттемелерін орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы ережелерді қамтиды.
Келісім шеңберінде әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамыту үшін Тараптар өзіне міндеттемелер қабылдады:
1.1. өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестіктің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін келісу жөніндегі әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) рөлін күшейту жөніндегі бірлескен жұмыс бойынша.
Тараптар өңірлік үш жақты комиссияның отырыстарында тұрақты түрде бірлескен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарға тікелей байланысты өзге де мәселелерді реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақытылы және сапалы орындауға міндеттенеді.
Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиялардың оларға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылдаған шешімдерін әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары көрсетілген мерзімде міндетті түрде қарап, орындауы тиіс;
1.2. әлеуметтік әріптестік институтын реформалау арқылы өз өкілдерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау бойынша кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) стратегиялық рөлін арттыру бойынша.
Тараптар тиісті деңгейдегі келісімдер жасау бойынша әлеуметтік әріптестікке жәрдем көрсете алады;
1.3. Ұйымдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін келісу жөніндегі комиссияның рөлін күшейту, оның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де мәселелерді реттеу, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдарға әлеуметтік әріптестік келісімдерінің және ұжымдық шарттардың міндеттемелерін іске асыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен стратегиялық құжаттардың жобаларын әзірлеудегі және (немесе) талқылаудағы бірлескен жұмыс бойынша;
1.4. әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша;
1.5. әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық үш жақты комиссия туралы ережеге сәйкес жұмыс жүргізу бойынша.
Келісім шеңберінде адами капиталдың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, орнықты экономикалық өсу, барлық қазақстандықтар үшін өмір сапасының жоғары стандартына қол жеткізу үшін жағдайлар жасау үшін Тараптар өзіне мынадай міндеттемелер қабылдады:
2.1. адал бәсекелестікке, инвестицияларды белсенді тартуға, технологиялық трансферт пен адами капиталдың жоғары деңгейіне негізделген экономикалық дамудың ашық және болжамды моделін құру үшін орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатты іске асыруға жәрдемдесу бойынша;
2.2. азаматтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу бойынша Тараптардың бірлескен күш-жігері азаматтардың зияткерлік әлеуетін ашуға, жаңа білім алуға жәрдемдесуге және оларды экономикаға тез әрі тиімді енгізу үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.
Тараптар адами капитал ұлттық байлық болып табылады деп есептейді және медициналық көмекті ұдайы жақсарту, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, сапалы жұмыс орындарын құру және кәсіптік дағдыларға оқыту және кәсіптік біліктілікке кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ету адами капиталды дамытуға және одан әрі ұйымшыл қоғам құруға ықпал етеді.
Білім, дағдылар және денсаулық адами капиталдың негізгі сипаттамалары болып табылады, өз кезегінде, адами капитал тұрақты экономикалық өсудің және елдегі қажетті өзгерістердің негізі болып табылады.
2.3. Қазақстан Республикасының 2023 – 2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы шеңберінде ашық экономиканың ілеспе факторы ретінде көші-қон процестерін, оның ішінде еңбек саласында реттеуді дамыту бойынша;
2.5. «2029 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру үшін көзделген шараларды өзектілендіру бойынша;
2.6. Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі кезеңде тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету бойынша;
2.7. лайықты еңбек жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша.
Келісім шеңберінде еңбек нарығын дамыту және халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдады:
3.1. сапалы жұмыс орындарына жағдай жасау және жұмыссыздар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті еңбек нарығын қалыптастыру бойынша;
3.2. өмір бойы оқыту үшін ұлттық біліктілік шеңберін, салалық біліктілік шеңберлерін, кәсіптік стандарттарды, кәсіптер тізілімін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру; кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту; өндірісішілік оқытуды және озыңқы кәсіптік оқытуды дамыту және кәсіптік біліктілікті, оның ішінде босатылатын қызметкерлерді тану рәсімдерінен өту; тәлімгерлік институтын дамыту және танымал ету; «Жаңа кәсіптер атласын» өзектілендіру және қолдану бойынша;
3.3. мамандықтар бөлінісінде өңір экономикасының кадрларға жыл сайынғы болжамды қажеттілігін айқындау; кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту; өндірісішілік оқытуды дамыту, тәлімгерлік институтын дамыту және танымал ету бойынша;
3.4. еңбек ұтқырлығы мен көші-қонды ынталандыру, еңбек қатынастарын ресімдеу және стандартты емес жұмыспен қамтудың барлық түрлерінде әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту; жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту жағдайларын болдырмау, еңбек жағдайларын сақтамау, біліктілігі бірдей болған кезде тең еңбек үшін еңбекақы төлеудегі диспропорция фактілеріне жол бермеу бойынша;
3.5. бұқаралық ақпарат құралдары мен заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық пиар-кампаниялар арқылы жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, оның ішінде «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізу бойынша;
3.6. аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктерімен бірлесіп, өзара консультациялар өткізу және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру жөніндегі шұғыл іс-шаралар жоспарларын әзірлеу үшін Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен СҚО Кәсіподақ орталығын жұмысшыларды жаппай босату қаупі туралы (жұмыс істейтіндер санының 10%-інен астамы) ақпараттандыру бойынша.
Келісім шеңберінде Тараптар еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді адами капиталды сақтау, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұлттық басымдықтардың бірі деп санайды және өзіне міндеттемелер қабылдайды:
4.1. ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген инфляциядан төмен емес деңгейге сүйене отырып, экономиканың нақты секторы ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыны міндетті индекстеуді жүргізу;
4.2. 2030 жылға дейінге қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат және бағдарлама бойынша және еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесінің компенсаторлық жүйеден тәуекелге бағдарланған модельге көшуі бойынша;
4.3. 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасында отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде гендерлік саясат және кемсітушілікке қарсы шаралар мәселелері бойынша кәсіпорын басшыларын оқытуды ұйымдастыру жолымен әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою бойынша;
4.4. еңбекті қорғау шарттары бойынша Кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуге белсенді қатысу бойынша;
4.5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың техникалық инспекторлар мен өндірістік кеңестердің мүшелерін жүйелі негізде мерзімді даярлауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жетілдіру бойынша;
4.6. ұзақтығы кемінде күнтізбелік үш күн қосымша ақылы демалыс, ай сайынғы қосымша төлемдер, көтермеақы және т.б. бере отырып, техникалық инспекторлардың жұмысын ынталандыру бойынша;
4.7. әкімдік күшімен мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың қоғамға кірігуі үшін жағдайлар жасау жөніндегі пәрменді шараларды іске асыруға жәрдемдесу бойынша;
4.8. еңбек қатынастарының белгілері болған жағдайда жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық шарттар жасауға жол бермеу бойынша;
4.9. қауіпсіз еңбек мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру және консультациялық жұмысты ұйымдастыру және өткізу бойынша (кеңестер, семинарлар, тренингтер, конференциялар және т.б.);
4.10. еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау мониторингі жүйесін дамыту бойынша, оның ішінде Комиссия отырыстарында өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік сырқаттанушылықтың жай-күйі туралы ақпаратты қарау бойынша.
Келісім шеңберінде әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдерден сақтандыру және оның алдын алу үшін Тараптар өзіне мынадай міндеттемелер қабылдады:
5.1. еңбек даулары мен жанжалдарын шешуге жәрдемдесу, ұжымдық-шарттық реттеу тәжірибесін дамыту және Комиссия отырыстарында кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін қарау бойынша;
5.2. еңбек даулары мен жанжалдарын шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, ұжымдық-шарттық реттеу тәжірибесін дамыту, әлеуметтік-еңбек саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша;
5.3. жұмыскерлер, жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу бойынша;
5.4. әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу бойынша.
6.1. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі атынан құрылымдық бөлімше өзінің ресми интернет-ресурсында «Әлеуметтік әріптестік» бөлімінде әлеуметтік әріптестікке байланысты барлық құжаттардың, оның ішінде Келісімнің, оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының, ол бойынша мерзімді есептіліктің (жылына кемінде 2 рет); Үш жақты комиссия туралы ереженің, оның отырыстарының барлық хаттамаларының орналастырылуын қамтамасыз етеді.
6.2. Тараптар осы Келісімге қол қойған күнінен бастап бір ай мерзімде өзіне қабылданған міндеттемелерді орындау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастырады және оны Комиссияда одан әрі қарап, бекіту үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жіберуге міндетті.
6.3. Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингілеу Комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингілеу қорытындылары бойынша Комиссия Тараптардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдайды.
6.4. Тараптар Келісімді іске асыру, Комиссия қызметі, әлеуметтік әріптестікті және әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мәселелеріне арналған материалдарды өздерінің ресми интернет-ресурстарында тұрақты негізде жариялайды.
7.1. Тараптар осы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық Тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымша келісімдермен ресімделеді және егер құжатта басқа күн көрсетілмесе, оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енегізіледі.
7.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген және (немесе) Келісімнің кез келген тарапының міндеттемелерін орындауға тікелей ықпал ететін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, Тараптар оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселені қарауға міндетті.
7.3. Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге қол қойылған күнінен бастап ол жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен өзгертілген редакциядағы келісім мәтінімен бірге ресми түрде жариялануы тиіс.
7.4. Қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзім ішінде Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкестендіріледі.
8.1. Тараптар Келісім шеңберінде өзіне алған міндеттемелерін орындамағаны, сондай-ақ, Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат беруге, аталған келіссөздерді жүргізу мерзімдеріне сәйкес Келісімді өзгерту немесе толықтыру жөніндегі келіссөздерге қатысқаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар айқындаған мерзімдерде Комиссияның жұмысын қамтамасыз етпегені үшін жауапты болады.
8.2. Тараптар бір-бірінің қызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ кәсіподақтар мен олардың бірлестіктерін (қауымдастықтарын, одақтарын), сондай-ақ жұмыс берушілер бірлестіктерін (қауымдастықтарын, одақтарын) қалыптастыру, олардың жұмысы мен қызметіне кедергі жасауға және (немесе) шектеу жағдайларын жасауға жол бермейді.
8.3. Келісімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұғымдар пайдаланылады.
8.4. Келісімнің күші белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және олардың өкілдеріне қолданылады.
8.5. Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енгізіледі және келесі кезеңге арналған келісім күшіне енгенге дейін қолданылады.
Келісім Петропавл қаласында 2024 жылғы ____ ___________ Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде ____ данада жасалды.
Осы Келісімге қол қойды:
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінен:
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетов |
___________________
|
|
|
|
Кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігінен:
|
Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Е.Е. Нұрақаев |
__________________ |
|
|
|
Жұмыс берушілер бірлестіктерінен:
|
«Солтүстік Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы» ЗТБ үйлестіру кеңесінің төрағасы С.П. Тимофеев |
__________________ |
|
СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығыҚБ төрағасы С.Ш. Хамза |
__________________ |