Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгін айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалды. Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу.
Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Меншікті кіріс бойынша жоспар 31 814,0 млн.теңге сомасында немесе 110,4% атқарылды (жоспар – 28 805,2 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 27 781,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 16 178,3 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 11 603,5 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 29 461,7 млн.теңге немесе 106,0%, оның ішінде облыстық бюджетке 16 457,5 млн. теңге немесе 101,7%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 13 004,2 млн. теңге немесе 112,1% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 63 972,0 млн.теңге сомада немесе 97,7% түсті.
Білім беру саласы бойынша шығыстар 2024 жылғы 1 тоқсанда 34 691,1 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100,0% (жоспар – 34 700,4 млн. теңге).
Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 1 350,2 млн. теңгеден игерілу 1 349,6 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.
Күрделі жөндеуге 832,7 млн. теңге бағытталды, игерілу 831,6 млн. теңгені немесе 99,9% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 149,2 млн. теңге бағытталды, жоспардың игерілуі 99,8 пайызды құрады (жоспар 149,5 млн. теңге).

Денсаулық сақтау бойынша 2024 жылғы 1 сәуірдегі шығыстар 1 млрд. 525,9 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 100 % (жоспар 1 млрд. 526,0 млн. теңге) құрады.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы бойынша 674,5 млн. теңге бағытталды, игерілуі 674,5 млн.теңгені немесе 100% құрады..
Күрделі жөндеуге жоспар бойынша 301,3 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша
5,8 млн.теңге бағытталды, игерілу 100% құрады.

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 4 397,8 млн. теңгені немесе жоспардың 99,9 % құрады (жоспар 4 400,4 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 40,3 млн. теңге бағытталды, жоспар 100% пайызға игерілді (жоспар 40,3 млн.теңге).

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 2 592,3 млн. теңгеден 2 591,9 млн. теңгені немесе 100% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 30,9 млн.теңге немесе жоспардың 100% бағытталды (жоспар 30,9 млн.теңге).

Спорт бойынша жоспардағы 2 975,0 млн.теңге 2 974,1 млн. теңге немесе 100 % игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 83,7 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 83,7 млн. теңге немесе 100%).

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2024 жылғы 1 сәуірдегі тұрғын үй салуға шығыстар 1 413,6 млн. теңгені құрады (игерілу 100%). 2024 жылы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 9 313,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 9 850,2 млн. теңге бөлінді.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2024 ж.01.04 жоспарындағы 812,3 млн. теңгеден 812,3 млн. теңге немесе 100% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2024 жылғы 1 сәуірдегі арналған жоспардағы 5 229,9 млн. теңгеден игерілу 5 229,8 млн.теңгені немесе 100% құрады.