Меню

Страницы

Статья

«Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 1.11-13/2 аудиторлық іс-шараны өткізуге берген тапсармасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2022 жылғы 01 қаңтардан 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін алғандағы кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді Мекеме қызмет көрсетудің нақты уақыты үшін, бірақ күніне сегіз сағаттан аспайтыны анықталды.

Алайда, жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеме жеке көмекшінің немесе мүгедектің өзі (Қазақстан Республикасының шетелге шығуы) нақты болмаған күндері үшін көрсетілген қызметтердің актілеріне ақы төлегені анықталды.

Мекемеде анықталған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің фактілері бойынша, атап айтқанда мүгедектігі бар адамдар үшін 52 жеке көмекшінің қызмет көрсетуі үшін жеке көмекшінің немесе мүгедектің өзі (Қазақстан Республикасының шекарасына шығу) нақты болмаған күндері үшін жалпы сомасы 6050,4 мың теңгеге негізсіз ақы төленді, тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты

ішкі аудит қызметінің басшысы-мемлекеттік аудитор М.К. Есмағамбетов

Дата публикации
26 апреля 2024
Дата обновления
26 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы