Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солнышко» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы  № 188-ө өкімімен бекітілген 2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солнышко» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 қаңтарға қоса алғандағы кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Кәсіпорынмен 2021 жылдан 2024 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңге балалардың санын көрсетпей, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны анықталды.

Сондай-ақ, жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Кәсіпорын кассадан қолма-қол ақша беру жолымен жұмыскерлерге жалақы төлегені; тауар-материалдық қорлардың жетіспеу фактілері анықталғаны; Өнім жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбегені; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылданбағаны; 434-V Заңды бұза отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны анықталды.

Кәсіпорын тарапынан жіберілген бұзушылықтар Кәсіпорын басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауының, Кәсіпорынның қаржы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жеткіліксіз білуінің, сондай-ақ ішкі бақылаудың тиісті жүйесі болмауының салдары болды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ  Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабында көзделген мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықталған белгілері фактісі бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті органға - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының

ішкі аудит қызметінің басшысы – мемлекеттік аудитор М. К. Есмағамбетов

Дата публикации
26 апреля 2024
Дата обновления
26 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы