Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №188-ө өкімімен бекітілген 2024 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме) 2021 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудиторлық іс-шара барысында бұзушылықтар анықталды: барлық тексерілген кезең үшін тамақтану құнының 20 пайызы мөлшерінде ата-аналық төлемі алынбаған; бюджет қаражатын игеру мақсатында Мекеме ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ерекшеліктер сомаларын ауыстыруды жүргізген; іссапар шығыстарын өтеу; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылықтар; жалға алушылар коммуналдық қызметтер үшін төлемдер жасамаған; негізгі құралдардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар тағайындалмаған; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылданбаған және мемлекеттік сатып алуды бұзушылықтармен жүзеге асырған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында көзделген мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықталған белгілері фактілері бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті органға - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.
Анықталған бұзушылықтардың себептері қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы жеткіліксіз білуі, аудит объектісінің лауазымды адамдары тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуына жеткілікті бақылаудың болмауы, сондай-ақ уәкілетті орган-«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ тарапынан тиісті бақылаудың болмауы болды.