Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №188-ө өкімімен бекітілген 2024 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 орта мектеп» КММ (бұдан әрі – Мекеме) 2021 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында мыналар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде № 540 қағидаларға сәйкес ең көп бұзушылықтарға жол берген; Мекеме бюджет қаражатын игеру мақсатында ерекшеліктер сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ауыстыруды жүргізген; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылықтарға жол берген; мемлекеттік сатып алуды №434 Заңды бұза отырып жүзеге асырған.