Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2024 жылғы қаңтар-ақпан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 91 720,1 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ – 105,8%.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (76%), 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 69 686,3 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ – 107,3%.

2024 жылғы қаңтар-ақпан тамақ өнімдерін өндіру 43 733,7 млн. теңгені құрады, етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 17% ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 21,2% алып жатқан машина жасау саласында 14 757,8 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, бұл 2023 жылғы қаңтар-ақпан көлемнен 40,1% артық.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 1 229,2 млн. теңгеге өнім өндірілді, өзге де металл емес минералды өнімдер 1 546,2 млн. теңгеге шығарылды, НКИ - 254%.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2024 жылғы қаңтар-ақпан көлемі 16 897 млн.теңгені құрады, НКИ – 100,6%.

«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтар-ақпан айында өндіріс көлемі 2 878,1 млн. теңгені құрады, НКИ – 94,4%.

ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 254,2 млрд. теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы. 2023 жылғы қаңтар - ақпан аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 23 517,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар - ақпан айының деңгейіне 103,4%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 112,1 мың тоннаны немесе 2022 жылғы қаңтар - ақпан аралығында 96,5% құрады.

Сүт –

39,3

мың тонна

(114,7%);

Жұмыртқа –

87,4

млн. дана

(104,5%).

2024 ж. 01.03. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ -

324,1

мың бас

(94,1%);

 

с.і. сиыр -

157,3

мың бас

(104,1%);

 

қой -

349,3

мың бас

(95,2%);

 

ешкі -

8,6

мың бас

(88,2%);

 

жылқы -

134

мың бас

(93,9%);

 

шошқа -

115,9

мың бас

(112,2%);

 

құс -

3 442,9

мың бас

(110,2%).

 

Кәсіпкерлік.

2024 жылғы 1 наурызға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 35 331 бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2024 жылғы қаңтарда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 31,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңге 36,4 есе азайды, соның ішінде тауарларды экспорттау – 19 млн. АҚШ доллары (40,4% азаю), импорт – 12,8 млн. АҚШ доллары (29,4 есеге азаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 6,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Өзбекстан (36,4%),Ауғанстан (24,9%), Тәжікстан (9,7%), Польша (7,9%), Германия (9,7%), Қытай (3,0%),

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 82,6%-ы немесе 15,7 млн. АҚШ доллары.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Германия (30,6%), Қытай (20,7%), Италия (17,4%), Түркия (4,1%), Өзбекстан (3,9%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 64,8%-ы немесе 8,3 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (9,3 %-ы немесе 1,2 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (11,7 %-ы немесе 1,5 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (10,2%-ы немесе 1,3 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2024 жылғы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда көлемі 34,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеді, соның ішінде экспорт – 7,6 млн. АҚШ доллары (8,1%-ға төмендеді). импорт – 26,5 млн. АҚШ доллары (5,3%-ға төмендеді).

Негізгі капиталға инвестициялар.

2024 жылғы қаңтар-ақпанда айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 41 395,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 132,4% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 59,9%), мемлекеттік бюджеттен (20,3%), кредиттері (6,9%) және басқа қарыздық қаражат (12,9%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып өнеркәсіп (33,4%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (32,5%), көлік және қоймалау (11,9%).

Тұрғын үй құрылысы. 2024 жылғы қаңтар-ақпанда облыс аумағында жалпы ауданы 11 427 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңге 116,9% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Қуатты аймақтар –ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасының шеңберінде 2024 жылға көзделген:

- сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға – 9 975,4 млн.теңге (ҰФ – 6 172,6 млн. теңге, РБ – 2 492,8 млн. теңге, МБ – 1 310,0 млн. теңге). Игеру – 95,1 млн.теңге.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3629,0 млн. теңге. Игеру 762,6 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).

«Ауыл-Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 60,1 млн.теңге.

Су тарату желілерін қалпына келтіру (нысандардың ағымдағы жөндеуі) 121,4 млн.теңге бөлінді. 68 ауылға су тазарту жүйесі бар кешенді блоктық модульдерді орнату және сатып алуға 598,4 млн.теңге бөлінді.

Топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту жобаларын іске асыруға 12 674,0 млн.теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау. 2024 жылғы қантар-ақпан өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4389 адамды құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 14,0%-ға төмен. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,6 пайызды құрады, бұл 2023 жылғы сәйкес деңгейде 0,2%-ға төмен.

2024 жылғы 1 наурызға 1164 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 3568 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 1165 адам жіберілді.

2024 жылғы 1 наурыздағы 2738 азаматқа 39,6 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 990,9 млн. теңгені құрады, 2024 жылғы 1 наурыз жоспарындағы
1 млрд. 153,6 млн.теңгеден 1 млрд. 148,1 млн. теңге немесе 99,5 % игерілді, оның ішінде:

- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 1 млрд 167,8 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 167,8 млн. теңге), есепті кезең жоспары 206,6 млн. теңге (ЖБ – 206,6 млн. теңге), атқарылғаны 206,6 млн.теңгені құрады (ЖБ – 206,6 млн. теңге);

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 5 млрд. 128,2 млн. теңге (ЖБ – 5 млрд. 128,2 млн. теңге), есепті кезең жоспары 5,5 млн. теңге (ЖБ – 5,5 млн. теңге), атқарылғаны 5,5 млн.теңгені құрады (ЖБ – 5,5 млн. теңге);

- 2024 жылға денсаулық сақтау объектілерін дамытуға барлығы 2 млрд. 890,5 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 346,7 млн.теңге сомасында, оның ішінде:

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында денсаулық сақтау объектілеріне (ФАП, МП) инженерлік желі өткізуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу - 49,8 млн. теңге.

2024 жылғы 1 наурыз жоспарындағы 41,3 млн. теңге қаражат толығымен игерілді;

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Иванов ауылдық округі Ивановка ауылы 9 май көшесі, 6-құрылыс мекенжайында орналасқан медициналық пунктті салу – 190,8 млн. теңге;

Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі Мамлют ауданы Новомихайловка ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктті салу (сыртқы инженерлік желі) - 19,6 млн. теңге;

СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) – 64,5 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 17,5 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады;

СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) - 22 млн. теңге. 2024 жылғы

1 наурыз жоспарындағы 6,3 млн. теңге қаражат толығымен игерілді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен 2 млрд. 543,8 млн. теңге, оның ішінде:

СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) - 2 млрд 360,7 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 250 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады;

СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) - 183,1 млн. Теңге

 «Білім» саласына 2024 жылға 165 625,5 млн. теңге қарастырылды.

2024ж. 01.03 жоспардағы 21 548,2 млн. теңгеден игерілу 21 543,7 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.

Барлығы 2024 жылға білім беру объектілерін дамытуға 12 655,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 643,8 млн. теңге.

- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 643,8 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 120,0 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен – 6 981,8 млн. теңге.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 5029,8 млн. теңге.

- Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Ә. Досмұхамбетов көшесі – Ухабов көшесі бойында 140 орындық балабақша салу. Түзету – 1113,4 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 398,1 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

- «СҚО Петропавл қаласында Н. Назарбаев (Мир) көшесі бойында 280 орындық балабақша салу» (түзету) – 1971,6 млн.теңге.

- Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы Ленин көшесі, 38 мекенжайындағы ғимаратты балабақша етіп реконструкциялау – 844,2 млн. теңге.

- СҚО Петропавл қаласы Жұмабаев көшесі мекенжайындағы «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ» ШЖҚ РМК әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу (сыртқы желі) – 36,0 млн. теңге.

- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 1064,7 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 319,4 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 9 627,2 млн. теңге бөлінді.

Есепті кезең жоспарындағы 52,3 млн. теңгеден 52,2 млн. теңге немесе 99,8% игерілді.

Мектептер саны

465

458

98,5%

 

Қосымша

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2022 жыл

Қаңтар-желтоқсан 2023 жыл

қаңтар- ақпан

2024 ж. 2023 ж. %

2023

жыл

2024 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

105,5

112,1

12,5

12,0

96,5

Сүт

мың тонна

635,2

669,5

34,3

39,3

114,7

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

553,2

680

83,6

87,4

104,5

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2024 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2024 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Дата публикации
27 марта 2024
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы