Меню

Страницы

Статья

Облыс дамуының қорытындысы

Соңғы 10 жылдағы облыс дамуының қорытындысы (2011-2021 жж.)

Жалпы өңірлік өнім. 2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 1178,4 млрд. теңгені құрады және 10 жыл ішінде 1,4 есеге өсті (2011 ж. – 666,6 млрд. теңге). Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2175,9 мың теңгені құрады. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнім құрылымында ауыл шаруашылығы ең үлкен пайызға ие – 30,3%, өнеркәсіп үлесіне – 12,4% келеді, сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге – 11,3%, көлік және қоймада сақтау – 8,5%, құрылысқа – 4,8% келеді.

2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім өндірісінде ең көп үлесті Алматы қ. –18%, ең аз үлесті Солтүстік Қазақстан облысы – 2,2% алады.

Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2021 жылы 364,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден салыстырмалы бағаларда 3,1 есе артық.

Өңдеу өнеркәсібі өнімін өндіру көлемі 2021 жылы 278,1 млрд. теңгені құрады, бұл салыстырмалы бағада 2011 жылғы деңгейден 3,1 есе жоғары.

Шағын бизнес субъектілері шығаратын өнім көлемі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек 510,3 млрд.теңгені құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар. Инвестициялық қызметті дамыту экономикалық өсуге әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Соңғы 10 жылда облыс экономикасын дамытуға әртүрлі көздерден 1 966,7 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде 63% – кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты, 21,5% – бюджет қаражаты, 11,3% – қарыз қаражаты және 2,6 – банктердің кредиттері.

10 жыл ішінде негізгі капиталға инвестицияларды игеру бойынша басым салалар ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп болып табылады, оған облыс бойынша инвестициялардың жалпы көлемінің тиісінше 41,1% және 20,2% бағытталған.

Сумен жабдықтау. Облыстың ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі өткір әлеуметтік проблеманы шешу "Өңірлерді дамыту 2020" салалық бағдарламасына (бұрын "Ақ бұлақ" бағдарламасы) сәйкес мақсатты жүргізілді. 2011 жылдан бастап 2019 жылға дейін 2,1 мың км құбыр желісі салынды, осы мақсаттарға 40,1 млрд.теңге бағытталды. Нәтижесінде ауыз су 61 елді мекенге (37 мың адам) берілді, 184 елді мекенде (211 мың адам) сумен жабдықтау жақсартылды. Облыстың ауылдарын орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 2010 жылғы 49%-дан 2019 жылы 62,4%-ға (13,4%-ға) ұлғайды.

2020 жылы сумен жабдықтауға 6,5 млрд. теңге бағытталды. Жұмыстармен 76 елді мекен қамтылды, жобаларды іске асырудан 60 мыңға жуық адам оң нәтиже алды. Жалпы, ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 2020 жылдың соңында 62,7%-ды, ауыл халқының — 82,1%-ды құрады.

2021 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға 10,3 млрд.теңге бағытталды. Нәтижесінде 174 км желі қалпына келтірілді, халық саны 48 мың адам болатын 49 елді мекенде су берілді және сумен жабдықтау жақсарды. 2021 жылдың соңына қарай сапалы ауыз суға қол жеткізу 63,9%-ды, ауыл халқының 83,5%-ын құрады.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы