«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-дағы аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 840 000,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда: 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 3-бабы 43-тармағын, 4-бабының 13, 14-тармақтарын, 97-бабының 6-1-тармағын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 720-бабы 3-тармағын, қосымша келісімдермен 2021 жылғы 29 шілдедегі №17 қарыз шартының 3-тармағын, 4-тармағының 4.3-тармақшасын, 10-тармағының 10-тармақшасын бұза отырып, «Green Smart Farm» ЖШС жапырақты көкөністерді өсірудің тік жүйесіне арналған жабдықтарды сатып алу жобасы бойынша ӘКК берген 840 000,0 мың теңге сома қарыз қаражатының нысаналы пайдаланылуы расталмаған. Көзбен қарап тексеру нәтижелері бойынша «Green Smart Farm» ЖШС (қарыз алушы) объектісінде: жылжымайтын мүлік - СҚО Петропавл қаласы Ғ.Мүсірепов көшесі, 33б құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі бар аяқталмаған құрылыс объектісі, бұл ретте №17 қарыз шартына сәйкес сатып алынатын жабдық түріндегі жылжымалы мүлік жоқ.
ӘКК тарапынан жол берілген бұзушылықтардың себептері басшылық тарапынан бақылаудың болмауы, сондай-ақ ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің болмауы салдарынан болды.