2024 жыл 22, 23, 24 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім, Денсаулықты сақтау жәнеде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік жоспарлау басқармалары қызметшілерімен кездесу өткіздік. Кездесуде СҚО Мемлекеттік істер бойыншы Департаментінің бас мамандары Д.С.Ермеков, А.Қ.Уразметов жәнеде қоғам қайраткері А.С.Павловтар қатысты.
Басқармалар ұжымына қызқызметтік әдепті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау маңыздылығы түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыстар алып барылды. Сонымен қатар, ұжымда моральдық-психологиялық жағдайды анықтау бойынша жуырда өткізілген талдау нәтижесімен таныстырылды.