Меню

Страницы

Статья

Сайлау комиссияларының ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының сайлауын
2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттары өкiлеттiктерiнiң конституциялық мерзiмiнiң 2020 жылғы қазан айында аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

  1. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi
Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 11 маусым
№ 351

 

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 12 маусымдағы
№ 12/307 қаулысымен бекiтiлген

2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлауды әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың
күнтiзбелiк жоспары

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі — Парламент Сенатының депутаттығына кандидат) ұсыну.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық, аудандық, қалалық мәслихаттар мен азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні — 13 маусымда басталады және 12 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. (71-б. 1, 2-т.т.)
2. Таңдаушылардың тізімдерін жасау 
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық мәслихаттары хатшыларының ұсынуы бойынша. Сайлау тағайындалғаннан кейiн. (24-б. 9-т., 25-б. 2, 3-т.т.) 

3. Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешімді кандидаттың назарына жеткізу, сондай-ақ шешімді, кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса, тиісті облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберу.

  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық, аудандық, қалалық мәслихаттар. Ұсыну кезеңінде. (71-б. 4-т.)
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларының құрамын жариялау.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей — 22 маусымнан кешіктірмей. (13-б. 4-т.)
5. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында
(бұдан әрі — Сайлау туралы Конституциялық заң) қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Қажетті құжаттарды алғаннан кейін үш күн ішінде. (4-б., 70-б., 71-б. 6-т.)
6. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап. (14-б. 5) т., 31-б.)
7. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үшкүндік мерзімде. (71-б. 6-т.)
8. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып. Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін бескүндік мерзімде. (72-б. 6-т.)
9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2020 жылғы 1 маусымға кірістері мен мүлкі туралы  декларациялар ұсыну.
  Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидат тiркелгенге дейін. (73-б. 2-т.)
10. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң растығын тексеру.
  Мемлекеттік кіріс органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде. (73-б. 2-т.)
11. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Ортсайлауком) шотына депозит ретінде заңнамамен белгіленген ең төменгі жалақының
он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.
  Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар. Тіркеуге дейін, Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында қойылатын талаптарға кандидаттың сәйкестігі тексерілгеннен кейін,
сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерілгеннен кейін. (73-б. 2-т.)
12. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда — 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. (14-б. 5) т., 73-б.)
13. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Кандидаттар тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей. (14-б. 5) т., 73-б. 6-т. 2) т.)
14. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Парламент Сенатының депутаттығына кандидат тіркелгеннен кейін. (34-б. 6-т.)
15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
  Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізден кейін басталады және 11 тамызда нөл сағатта аяқталады. (27-б. 2-т.)
16. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы танысу үшін ұсыну, сондай-ақ облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының интернет-ресурсында орналастыру.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Сайлауға дейін кемінде жеті күн қалғанда —
4 тамыздан кешіктірмей. (26-б. 2-т.)
17. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру уақытын айқындау.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. (38-б. 4-т.)
18. Дауыс беруге арналған пунктті ашу.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын. (40-б. 2, 4-т.т.)
19. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Бір күннің ішінде. (14-б. 5) т., 38-б. 4-т., 41-б., 42-б., 43-б., 77-б., 78-б.)
20. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жасау және оны тиісінше облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиясына тапсыру.  
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық мәслихаттарының хатшылары. Дауыс беру күні — 12 тамыз. (77-б. 7-т.)
21. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды жасау және Ортсайлаукомға ұсыну.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай — 13 тамыздан кешіктірмей. (14-б. 5) т., 78-б.)
22. Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.
  Ортсайлауком. Сайлау өткізілген күннен бастап жетікүндік мерзімнен кешіктірмей — 18 тамыздан кешіктірмей. (12-б. 10) т., 44 -б. 1-т., 81-б. 1-т.)
23. Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
  Ортсайлауком. Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей — 21 тамыздан кешіктірмей. (12-б. 10) т., 44 -б. 4, 5 -т.т.)
24. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың тиісті облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны туралы есеп беруі.
  Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешіктірмей. (34-б. 9-т.)
25. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
  Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары. Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей. (34-б. 4-т.)
26. Парламент Сенатының сайланған депутаттарын тіркеу, тиісті куәлiк пен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi тапсыру. 
  Ортсайлауком. Сайланған Сенат депутаттарынан жетiкүндік мерзiм iшiнде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Парламент Сенаты депутатының мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiшiн алғаннан кейiн. (45-б., 46 -б. 2-т., 82-б.)  

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Республикалық және өңiрлiк
бұқаралық ақпарат құралдарына арналған
ақпараттық хабарлама

2020 жылғы 12 тамызға Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының кезектi сайлауын тағайындауға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы келесiнi абарлайды:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирдi және баспа алаңын төлеудiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi сайлау алдындағы үгiт жүргiзу басталғанға дейiн бес күннен кешiктiрмей (2020 жылғы 18 шiлдеден кешiктiрмей) тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары хабарлауы және жариялауы, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына мына мекен-жай бойынша ұсынуы тиiс: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi 4, электрондық мекен-жайы: v.zheksembekova@election.gov.kz, a.khusainova@election.gov.kz.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшерi, эфирдi және баспа алаңын беру шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн кандидаттардың үгiт материалдарын орналастыру, тарату үшiн эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды.
  3. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған сәттен басталады, яғни 2020 жылғы 23 шiлдеде сағат 18-де басталады және 2020 жылғы 11 тамызда жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Баспасөз қызметi
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының
хабарламасы

2020 жылғы 18 маусымда Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты тiркеу қаралды.

Облыстық сайлау комиссиясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 73 бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат өзiн-өзi ұсынған:

Перепечина Ольга Валентиновнаны «Nur Otan» партиясының мүшесi, 1967 жылы туылған, Петропавл қаласының тұрғынын тiркедi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының
хабарламасы

2020 жылғы 26 маусымда Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты тiркеу қаралды.

Облыстық сайлау комиссиясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 73 бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат өзiн-өзi ұсынған:

Сәдуақасов Қабиден Қайырбекұлы «Nur Otan» партиясының мүшесi, 1961 жылы туылған, Қызылжар ауданы, Бескөл селосының тұрғынын тiркедi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының
хабарламасы

2020 жылғы 10 шiлдеде Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты тiркеу қаралды.

Облыстық сайлау комиссиясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 73 бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат өзiн-өзi ұсынған:

Могунова Данголе Антонасовна «Nur Otan» партиясының мүшесi, 1962 жылы туылған, Мамлют қаласының тұрғынын тiркедi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы
ұсыну қорытындылары туралы
хабарлама

Облыстық сайлау комиссиясына Солтүстiк Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi жайында бiлдiрген өтiнiштер келiп түстi:

1. Перепечина Ольга Валентиновна, 1967 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты, Петропавл қаласында тұрады;

2. Сәдуақасов Қабиден Қайырбекұлы, 1961 жылы туған, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдiстемелiк орталығы» РММ СҚО филиалының басшысы, Бескөл селосында тұрады;

3. Малаев Серiк Тәтiбайұлы, 1951 жылы туған, «Акселеу» ЖШС директоры, Ковыльное селосында тұрады;

4. Хасенова Айгүл Кенжеқанқызы, 1965 жылы туған, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы басшысының орынбасары, Петропавл қаласында тұрады;

5. Могунова Данголе Антонасовна, 1962 жылы туған, Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрайымы, Мамлютка қаласында тұрады.

Облыстық сайлау комиссиясына ұсыну кезiңде өтiнiштер түскен жоқ.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы
хабарлама

Солтүстiк Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты сайлауында кандидаттарды тiркеу қорытындылары туралы

2020 жылғы 23 шiлдеде Солтүстiк Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты сайлауында кандидаттарды тiркеу аяқталды, бұл сайлау ү.ж. 12 тамызда өтедi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясымен Сенат депутаттығына 3 кандидат тiркелдi, оның iшiнде — 2 әйел:

1. Перепечина Ольга Валентиновна, 1967 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты, Петропавл қаласында тұрады;

2. Сәдуақасов Қабиден Қайырбекұлы, 1961 жылы туған, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдiстемелiк орталығы» РММ СҚО филиалының басшысы, Қызылжар ауданының Бескөл селосында тұрады;

3. Могунова Данголе Антонасовна, 1962 жылы туған, Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрайымы, Мамлют ауданының Мамлют қаласында тұрады.

Екi кандидатқа тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың табыс етпегендiктен тiркеуден бас тартылды.

Барлық тiркелген кандидаттар сайлау бюллетеньдерiне енгiзiледi.

Сайлау заңнамасын түсiндiру және бұзушылықтар бойынша облыстық сайлау комиссиясына өтiнiштер келiп түскен жоқ.

Дата публикации
08 июля 2020
Дата обновления
08 июля 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы