Еңбек сіңірген спорт шеберлері
Александр Николаевич Винокуров
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы
1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында дүниеге келді.
Бірінші жаттықтырушысы — С.И. Кручин, кейін ҚР ұлттық құрамында Шарфа Я. және Ремыги В.Н. жаттықты.
Спорттық жетістіктері:
1994 жыл. Херосимдегі жазғы Азия ойындарындағы командалық жарыстан Чемпион және топтық жарыстың күміс жүлдегері.
1996 жыл. Атланттағы жазғы олимпиада ойындарының қатысушысы.
1998 жыл. «Валенсии Туры» және «Дофин Либери» жарыстарының жеңімпазы
1999 жыл. Тас жолындағы дүние жүзінің үш мәрте чемпионы.
2000 жыл. Топтық жарыстан Сиднейдегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, «Германия Турының» жеңімпазы.
2002 жыл. «Париж — Ницца» вело жарысының жеңімпазы, топтық жарыстан Пустанедегі жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
2003 жыл. «Амстел Голд» жарысынан Әлем Кубогының, «Париж — Ницца» жарысы және «Швейцария Турының» жеңімпазы, «Тур де Франстың» қола жүлдегері.
2004 жыл. Жеке бастамамен бөлек жарыстан Әлем Чемпионы, Афинадағы жеке жарыстан олимпиадалық ойындарынан 6-шы орынына ие болды.
2005 жыл. «Льеж — Бастонь — Льеж» жарысының жеңімпазы, «Дофин Либери» және «Тур де Франс» жарыстарында бесінші орынға ие болды, «Тур де Франс» кезеңінен екі жеңіспен оралды.
2006 жыл. «Вуэльта — Кастилия» супер көпкүндік вело жарыстын жеңімпазы, «Вуэльта» жеңісі үш кезеңнен тұрады, Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
2007 жыл. «Критериум дю Дофине Либере» ұпай бойынша және екі кезеңгі сынақтан бірінші орынды иеленді.
2009 жыл. Тас жолдағы (жарыс бөлек бастамамен) вело жарыстың Азия Чемпионы), тас жолда велоспорттан (командалық тас жол жарысы) Азияның күміс жүлдегері, «Тур де л’Эн» кезеңінен бірінші орын алды.
2010 жыл. «Классика Сан-Себастьян», жарысынан күміс, «Тур де Франс» 13-ші кезеңнен, «Льеж — Бастонь — Льеж», «Джиро дель Трентино» жарыстарынан алтын.
2011 жыл. «Тур де Франс» төртінші кезеңінен қола, «Тура Страны Басков» үшінші кезеңінің алтын жүлдегері.
2012 жыл. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы (Лондон қ.).
Парасат (2000) және «Барыс» (2006) II дәрежелі ордендермен марапатталды.
2006 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы болып саналады.
Мирас Сағатұлы Бiрiмжанов
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, кигбоксингтен әлем чемпионы
Мирас Бiрiмжанов Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Сулы станциясында 1983 жылы 7 наурызда дүниеге келді.
Облыстық спортқа дарынды балаларға арналған спорт-мектебiн аяқтады.
2004 жылы ҚР iшкi әскери IIМ Петропавл жоғары әскери училищесiн бiтiрдi.
Спорттық жетiстiктерi:
Виталий Михайлович Диденко
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, гір спортынан бірнеше дүркін әлем чемпионы
Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Ақжан ауылында 1986 жылы 27 қазанда дүниеге келді.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-жағрапия факультетінің түлегі.
Бірінші жаттықтырушысы — Владимир Валентинович Никитенко (Ақжан орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы), жаттықтырушылар — Николай Федорович Лаврентьев, Андрей Ярославович Глявяк.
Спорттық жетістіктері:
Виталий Диденко — гір спорты бойынша жеті дүркін әлем чемпионы
Ерлер арасында чемпионаттың жеті дүркін күміс жүлдегері. Еуропа чемпионатының бес дүркін күміс жүлдегері, (Ресесй 2005 жыл), ерлер арасында жеті дүркін күміс жүлдегер. ҚР классикалық қоссайысының абсолютті рекордсмені, классикалық қоссайыста гір спортынан ҚР 16-дүркін рекордсмені (итеру, тарту және сома). Классикалық қоссайыста гір спортынан ҚР сегіз дүркін абсолютті чемпион. Гір мен армрестлинг бойынша ҚР Қарулы күштерінің үш дүркін чемпионы.
2005 жыл. Жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Ресей),
2006 жыл. Ерлер арасында гір спортынан әлем чемпионатының қола жүлдегері (Украина).
2007 жыл. Гір мен армрестлинг бойынша ІІ республикалық универсиаданың чемпионы (Өскемен).
2010 жыл. Гір спортынан Еуропа чемпионы (Литва), ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Достық армиялары VII спартакиадасының күміс жүлдегері (Ресей).
2011 жыл. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (АҚШ, Нью-Йорк).
2012 жыл. ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Достық армиялары спартакиадасының чемпионы (Қазақстан), гір спортынан V Дүниежүзілік ойындарының чемпионы (Литва, Шауляй).
2013 жыл. Вексфорд қаласында өткен Еуропа чемпионатында Виталий эстафетада екінші орынға ие болды, сондай-ақ 92-секіруде Қазақстанның рекордын орнатты.
Гір спортынан ҚР 25 дүркін чемпионы (классикалық қоссайыс және ұзақ цикл). Классикалық итеру жарыстарында көрсетілген максималды нәтижелер – 146 секіру. Ең жақсы бәсекеге қабілетті сома – 230,5 көтеру, 84 ұзақ циклдегі макималды бәсекелестік нәтиже.
Алексей Александрович Луценко
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, андерлер арасында веложарыстан әлем чемпионы
Алексей Луценко 1992 жылы 7 қыркүйекте СҚО Қызылжар ауданы Большая Малышка ауылында дүниеге келді. 1-ші сыныптан 7-ші сыныпқа дейін Большая Малышка орта мектебінде оқып, кейін облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына ауысты, одан кейін, оны бітіріп «Көкше» спорт академиясына оқуға түсті (Көкшетау қ.).
Жоғары спорт шеберлігі мектебінде ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушылары Виктор Потапов пен жаттықтырушы Владимир Ремыгида жаттығады.
2007 жылы ҚР Спорт шебері атағына ие болды.
2011 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.
2012 жылы ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды.
Велосипед спорты бойынша ҚР ұлттық құрамына кіреді.
Спорттық жетістіктері:
Республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.
2010 жыл. Тас жолдағы юниорлар арасындағы топтық жарыстың Азия чемпионы (БАЭ, Шардж қ.); Сиднейдегі 1 жасөспірімдер олимпиадалық ойындарына қатысушы, жеке жарыстан 4 орын.
2011 жыл. Қазақстан Республикасының 3-ші Жазғы спартакиадасы – командалық жарыс – 2 орын.
2012 жыл. Топтық жарыста андерлер арасында әлем чемпионы (Голландия); Men Under 23 Toscana-Terra di ciclismo-Coppa delle Nazioni (ITA) – 1 кезең – 2 орын, 2 кезең – 1 орын; Men Under 23 Nations Cup (CAN/2Ncup) – жалпы жіктеу – 3 орын; Coupe des Nations UCI U23 – Ville de Saguenay – 4 кезең – 3 орын; Қазақстан Республикасының чемпионаты – командалық жарыс – 2 орын, жеке жарыс – 2 орын, топтық жарыс – 2 орын; MenEliteTourofBulgaria (BUL/2.2) – 1 кезең – 1 орын.
2013 жыл. «Тур де Франс» көпкүндік жарысына қатысушы; Әлем чемпионатына қатысушы (Италия).
2014 жыл. Жеке жарыста Азия ойындарының чемпионы (Инчхон қ., Корея); Дания туры – 5 кезең – 1 орын; Вуэльта (Испания) – 9 кезең – 2 орын.
2015 жыл. Швейцария турының халықаралық жарысы – кезеңде 1 орын; командалық және жеке жарыстарда ҚР 4-ші Жазғы Спартакиадасының чемпионы (Петропавл қ.).
2016 жыл. Хайнян туры (Қытай) – 1 тур – 2 орын, 2 тур – 1 орын; Алматы турының жеңімпазы.
2017 жыл. Командалық жарыста Азия чемпионы (Бахрейн); Алматы турының жеңімпазы.
2018 жыл. Топтық және жеке жарыстарда Азия ойындарының чемпионы; Оман турының жеңімпазы; топтық жарыста Қазақстан Республикасының чемпионы; Түркия туры – жалпы жіктеу 2 орын. Жыл қорытындысы бойынша Халықаралық велосипедшілер одағымен (UCI) Азияның үздік шабандозы деп танылды.
2019 жыл. Оман турының жеңімпазы; жеке, командалық және топтық жарыстарда Қазақстан спартакиадасының үш дүркін чемпионы.
Қайпанов Нұрқожа Аралбекұлы
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
1998 жылы 21 маусымда Қызылорда облысы, Орал ауылында туды. Еркін күреспен 2007 жылдан бастап айналыса бастады, 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатына қабылданды. 2018 жылы Астана қаласындағы республикалық спорт колледжін бітірді.
2016 жылдан бастап Жоғары спорт шеберлігі мектебінде ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағындық Серікұлы Бейсембаевта жаттығады.
2017 жылы ҚР Спорт шебері атағын алды.
2019 жылы Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі Спорт шебері және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері атақтарын алды.
Еркін күрестен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының негізгі құрамына кіреді.
Спорттық жетістіктері:
2016 жыл. Жастар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола жүлдегері (66 кг.); ««Обь» Спортклубы» ФСРДС жүлдесіне Халықаралық турнирдің жеңімпазы (66 кг.); Роман Дмитриев Мемориалына Халықаралық турнир (66 кг.) – 5 орын.
2017 жыл. ІV Жастар ойынының күміс жүлдегері (Атырау қ./66 кг.); Халықаралық турнир (Түркия/66 кг.) – 6 орын.
2018 жыл. Юниорлар арасында Азия Чемпионатының қола жүлдегері ((NewDelhiIN / 70 кг); Әлем чемпионаты (Словения, Трнава қ. / 70 кг.) – 9 орын; Халықаралық турнирдің қола жүлдегері (Бухарест (Румыния/ 70 кг.); «Қонаев Д.А.» Халықаралық турнирінің күміс жүлдігері (Тараз қ./70 кг.); 1998-2000 жж. юниорлар арасында Р.Дмитриев Мемориалы Халықаралық турнирінің қола жүлдегері (Ресей, Якутск қ./70 кг.); 1998-2000 ж.т. жастар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері (Ақтөбе қ./70 кг.).
2019 жыл. Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері (Нұр-Сұлтан қ./ 70 кг дейін), Азия чемпионы (Қытай, Сиань/70 кг.); Қазақстан Республикасының V Спартакиадасының чемпионы (Шымкент қ.).
2020 жыл. 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионы.