Меню

Страницы

Статья

Облыс бюджетінің атқарылуы (2023 жылғы)

Облыс бюджетінің атқарылуы
(2023 жылғы)

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгін айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалды. Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу.

Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

  1. Кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша облыс бюджеті 2023 жылғы жоспарындағы 480 921,3 млн. теңгеден 105,1%-ға атқарылды немесе 505 465,4 млн.теңге түсті. Оның ішінде:

Меншікті кіріс бойынша жоспар 119 664,2 млн.теңге сомасында немесе 123,4% атқарылды (жоспар – 96 956,3 млн. теңге).

Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 82 822,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 38 924,1 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 43 898,1 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 104 168,4 млн.теңге немесе 125,8%, оның ішінде облыстық бюджетке 57 053,6 млн. теңге немесе 146,6%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 47 114,8 млн. теңге немесе 107,3% түсті.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 359 622,0 млн.теңге сомада немесе 100% түсті.

  1. 2023 жылғы шығыстар бойынша облыс бюджеті 99,9%-ға атқарылды, жоспардағы 499 886,9 млн. теңгеден шығыстар 499 443,4 млн. теңге сомаға жүргізілді. Шығыстар 443,5 млн. теңге сомада игерілмеді.

Білім беру саласы бойынша шығыстар 2023 жылда  148 623,5 млн. теңгені   құрады   (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9%  (жоспар – 148 702,8 млн. теңге).

Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы       8 956,4 млн. теңгеден игерілу 8 923,4 млн. теңгені немесе 99,6% құрады.  

   Күрделі жөндеуге 4 174,7 млн. теңге бағытталды, игерілу 4 141,7 млн. теңгені немесе 99,2% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 3 958,3 млн. теңге бағытталды, жоспардың игерілуі 100 пайызды құрады  (жоспар 3 958,4 млн. теңге).

Денсаулық сақтау бойынша 2024 жылғы 1 қантардағы шығыстар                       16 млрд. 251,0 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 98,7 %
(жоспар 16 млрд. 458,0 млн. теңге) құрады.

Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы бойынша 6 млрд. 393,2 млн. теңге бағытталды,
игерілуі 6 млрд. 266,9 млн. теңгені немесе 98% құрады.

Күрделі жөндеуге жоспар бойынша 1 млрд. 907 млн. теңге бағытталды, игерілуі 1 млрд. 882,2 млн. теңгені немесе 98,7% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша
5 млрд. 988,1 млн. теңге бағытталды, игерілуі 5 млрд. 932,2 млн. теңгені немесе 99,1% құрады. 

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 20 070,6 млн. теңгені немесе жоспардың 100 % құрады (жоспар 20 072,9 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 324,8 млн. теңге бағытталды, жоспар 99,6 пайызға игерілді (жоспар 326,2 млн.теңге).

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 12 127,8 млн. теңгеден 12 122,4 млн. теңгені немесе 100% құрады                      (4-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 276,1 млн.теңге немесе жоспардың 99,1% бағытталды (жоспар 278,6 млн.теңге).

Спорт бойынша жоспардағы 14 034,8 теңгеден 14 021,1 млн. теңге немесе 99,9% игерілді (5-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 387,5 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 387,5 млн. теңге немесе 100%).

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы тұрғын үй салуға шығыстар 19 615, 7   млн. теңгені құрады (игерілу 19 611, 4 млн. теңге немесе 99,9%). 2023 жылы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 3 231, 5 млн. теңге, облыстық бюджеттен 16384,2 млн. теңге бөлінді.

Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2024 ж.01.01 жоспарындағы 11 585,9 млн. теңгеден 11 531 млн. теңге немесе 99,5% игерілді.

Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2023 жылғы 1 қаңтардағы арналған жоспардағы 35 737,5 млн. теңгеден игерілу 35 723,8 млн.теңгені немесе 100% құрады.

Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы