Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 10-ө өкімімен бекітілген 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2020 жылғы 01 қаңтардан 2023 жылғы 30 кыркүйекті қоса алғандағы кезеңге тиімділік, сәйкестік аудитін жүргізді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде Мекеменің қызметкерлері болып табылмайтын адамдарға жалақыны негізсіз аудару жолымен заңсыз әрекеттерге жол бергені, сондай-ақ бас бухгалтердің жалақысына негізсіз төлем жүргізілгені анықталды, бұл лауазымды адамдардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне алып келеді.

Сондай-ақ, жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеме бюджет қаражатын пайдаланған кезде барынша көп бұзушылық бюджет қаражатын игеру мақсатында жіберілгені анықталды, Мекеме специфика сомасын ағымдағы айдан алдағы айға және керісінше аудару жүргізген; тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеу фактілері анықталды; бас бухгалтерді жұмыстан босатқан кезде істерді тапсыру жүргізілмеген және істерді қабылдау-тапсыру актілері жасалмаған; іссапар туралы есептер бес жұмыс күнінен кешіктіріліп берілген; өнім жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары ретінде тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеген;   тұрақсыздық айыбын төлеттіру жөнінде шаралар қабылдамаған; 434-V Заңын бұзумен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде өнім жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары ретінде тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбегені бойынша бұзушылықтарға жол берілгенін, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы орналастырмағанын атап өту керек, бұл «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралыә 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабында қарастырылған әкімшілік жауапкершілігіне әкеледі.   

Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылықтардың негізгі себептері Мекеме басшылығы тарапынан жалақы төлеу жөнінде тиісті бақылаудың болмауынан, Мекеменің қаржы қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жеткіліксіз білуінен, сондай-ақ ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің болмауы салдарынан болған.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы – мемлекеттік аудитор М. Есмағамбетов

Дата публикации
11 января 2024
Дата обновления
11 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы