Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шараның қорытындысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 03 ақпандағы № 10-ө өкімімен бекітілген 2023 жылғы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» КММ-да (бұдан әрі – Мекеме) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезең ішіндегі қызметінің тиімділігі және сәйкестігі аудитін жүргізді.

Аудиторлық іс-шара барысында мынадай бұзушылықтар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын игеру мақсатында, спецификация сомасын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ауыстыруды жүргізген; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылыққа жол берілген, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарасы қабылданбаған. 2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабында қарастырылған мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекетіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтың анықталған белгілерінің фактісі бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті орган – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.

Анықталған бұзушылықтардың себебі – аудит объектісінің лауазымды адамдарының қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы жеткіліксіз білуі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуын жеткіліксіз бақылауы, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан тиісті бақылаудың болмауы.

Дата публикации
10 января 2024
Дата обновления
10 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы