Өзгерістер мен толықтырулармен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №192-ө өкімімен бекітілген 2023 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ (бұдан әрі – Мекеме) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 30 қыркүйекті дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде №540 Қағидаларға сәйкес ең көп бұзушылықтарға жол бергені анықталды, бюджет қаражатын игеру мақсатында Мекеме ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше специфика сомаларын ауыстыруды жүргізді; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша шаралар қабылданбады; сыйлықақылар негізсіз төленді; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылықтарға жол берілді; №434 заңды бұза отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында көзделген мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті органға - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді.