«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағына, «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес:
1. Қоса беріліп отырған 2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы-мемлекеттік аудитор М.К. Есмағамбетовке жүктелсін.