Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:
кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-га дейін.
Сұрақтарды келесі телефон нөмірлері арқылы қоюға болады: 8 (7152) 32-03-64, 32-03-65
Орналасқан жері: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58/А
Қоғамдық көлік: 5, 7, 16, 23.
2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы өтініштермен жұмыс туралы
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында 35 152 өтініш түсті, бұл 10% өсімді көрсетеді (2025 жыл – 31 910 өтініш). Анықтама: халықтың цифрлық сауаттылығының жоғарлауына байланысты.
Ең өзекті мәселелер:
15,3% - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері (5390) 2025 жыл – 7137.
21,7% - білім беру (7619 өтініш) 2025 жыл – 5881.
12,1% - жер қатынастары (4252) 2025 жыл – 4370.
6,7% - ауыл шаруашылығы (2349) 2025 жыл – 2232.
5,3% - денсаулық сақтау (1864) 2025 жыл – 1160.
Түскен өтініштер саны бойынша ТОП-5 аудан:
Петропавл қаласы (7065)
Қызылжар ауданы (1697)
Тайынша ауданы (1143)
Айыртау ауданы (853)
М.Жұмабаев ауданы (664)
Есіл ауданы (667)
Арыз иелерінің әлеуметтік портреті: Барлығы 13 224 арыз иесі жүгінді. Олардың көп бөлігі 83,9% (11 091) – жеке тұлғалар және 16,1% (2133) – заңды тұлғалар
Анықтама: өтініш білдірушілердің басым көпшілігі жұмыс істеп жүргендер – 44,7% (5923), зейнеткерлер – 15,7% (2081), көп балалы отбасылар – 3,2% (435), мүгедектік тобы бар адамдар – 3,7% (495), жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 2,2% (299).
Өтініш білдірушінің орташа жасы – 43 жас.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ҚР Президенті Әкімшілігінен 215 өтініш келіп түсті (2025 ж. – 230), Үкімет Аппаратынан – 139 (2025 ж. – 190).
ТОП-5 СҰРАҚТАР:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 27%;
Еңбек қатынастары және жұмысқа орналастыру - 23%;
Тұрғын үй мәселелері – 8%;
Жер мәселелері – 5%;
Әлеуметтік қамтамасыздандыру мәселелері – 4%.
«Жеке қабылдауларды ұйымдастыру».
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында облыс басшылығы 70 жеке қабылдау жүргізді, 281 адам қабылдады. Оның ішінде облыс әкімі – 19 қабылдау, 85 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 51 қабылдау, 196 адам. (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында облыс әкімі – 13 қабылдау, 71 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 49 қабылдау, 196 адам).
Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары 1972 қабылдау жүргізді, 2723 адам қабылданды (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында –2515 қабылдау, 3582 адам).
Облыс әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығына 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 750 адам келді. 88 қабылдау өтті, 268 кеңес берілді, 204 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында – 1102 адам келді, 111 қабылдау өтті, 571 кеңес берілді, 264 өтініш қабылданды).
Аудандардың және Петропавл қаласының әкімдіктері жанындағы азаматтарды қабылдау орталықтарына 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 7760 адам келді. 456 қабылдау өтті, 3169 кеңес берілді, 3452 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында – 6372 адам келді, 594 қабылдау өтті, 3792 кеңес берілді, 219 өтініш қабылданды).
Облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы өтініштерді қарау жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі: 8 (7152) 32-03-64, 32-03-65
2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы өтініштермен жұмыс туралы (жүктеу)