Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) таза инвестициялық табысы өткен жылғы көрсеткіштен 89,3% мөлшерге асып түсті

2023 жылдың 10 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс – 1,23 трлн теңге. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 578,11 млрд теңгеге немесе 89,3% артық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 01.11.2023ж. дейінгі жағдай бойынша 7,98% көрсетті.

Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында ҚР және шетелдегі экономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіліп, 10 ай ішінде оң инвестициялық кіріс алынды.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерінің қысқа уақыт ішіндегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің объективті көрінісін көрсетпейді. БЖЗҚ зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекке ие және инвестициялаудың негізгі мақсаты – ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап инвестициялық кіріс 2023 жылғы 1 қарашада 9,02 трлн теңгеден асты, ал бүкіл кезең ішінде жинақталған инфляция 739,53% болғанда жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 798,74% көрсетті. Осылайша, ұзақ мерзімді кезеңдегі жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет тарапынан берілетін бірегей кепілдік бар. Төлем құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңдегі кірістілік төмен болған жағдайда да айырманың өтелуіне мемлекет кепілдік береді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінде немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көре алады.

 БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.

Көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбатын БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Дата публикации
19 декабря 2023
Дата обновления
19 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы