Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау туралы жалпы ақпарат

Қазіргі сәтте медициналық техниканы басқару жүйесінің (бұдан әрі – МТБЖ) деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымының тозуы 69,74% құрайды.

Халыққа көрсетілетін емдеу-диагностикалық көмектің сапасын арттыру және облыстың медициналық-демографиялық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында 4 облыстық стационарды біріктіруге мүмкіндік беретін 480 төсек-орынға арналған заманауи облыстық аурухананың құрылысын салу бойынша жоба іске асырылып жатыр.
2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен облыс әкімдігі арасында облыстық көп бейінді аурухананың құрылысы жобасын іске асыру жоспарына қол қойылды.

2022 жылғы 01 наурыздан бастап 2023 жылғы 01 қыркүйекке дейін инвестор жоба бойынша құрылыс жұмыстарын тоқтата тұрған болатын. Түрік серіктестік 2023 жылғы қыркүйек айында жұмысын қайта бастады.

2026 жылғы мамыр айында жобаны қаржыландыруды жалғастыру туралы келісімге қол қойылды.

Медициналық кластер болашақта заманауи технологиялардың шоғырланған орталығы болмақ, ал медициналық көмек көрсетуді қарқындату емдеуге жатқызуды, емделу мерзімін қысқартуға, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылы Бескөл ауылында ауысымына 250 келуге арналған емхананың құрылысы басталды. Биылғы жылы оны аяқтау жоспарланған.

2026 жылы жедел медициналық көмек орталығына 1905 жылы салынған ескі ғимараттың орнына жаңа ғимарат құрылысын бастау жоспарланған. Жобаның құны
6 млрд.теңгені құрайды. Жаңа ғимарат 20 көлікке арналған гаражбен, өндірістік ғимаратпен, шиналарды сақтауға арналған қоймамен, оттегі баллондарының қоймасымен, ЖЖМ қоймасымен және т.б. қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ инфрақұрылымның тозуын төмендету мақсатында 2026 жылы 6 күрделі жөндеу жүргізуге 2,3 млрд.теңге қаражат бөлінді.

Дата публикации
24 сентября 2021
Дата обновления
29 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы