Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес (Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 2023.06.11 № 19.6-3/4169 хаты) Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2020 жылғы 01 қаңтардан 2023 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңдегі сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудиторлық іс шара барысында сыйлықақыны негізсіз төлеу фактісі анықталды.
Жоғарыда баяндалғанға сүйене отырып, Кәсіпорын сыйлықақы беру кезінде ішкі бақылауды күшейтуі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыруы тиіс. Кәсіпорынның қаржы қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстарына жіберуі қажет.