Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 10-ө өкімімен бекітілген 2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2020 жылғы 01 қаңтардан 2023 жылғы 31 тамызды қоса алғандағы кезеңге тиімділік, сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде №540 Қағидаларға сәйкес ең көп бұзушылықтарға жол бергені анықталды, бюджет қаражатын игеру мақсатында Мекеме ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше специфика сомаларын ауыстыруды жүргізді; тауар-материалдық қорлардың жетіспеу; 434-V Заңын бұза отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру фактілері анықталды.
Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылықтар Мекеменің қаржы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жеткіліксіз білуінің, Мекеме басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауының салдары болды. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жөнінде тиісті бақылаудың жоқтығына ерекше назар аудару қажет.