Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ АҚ "Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі" онлайн-семинарын өткізеді

БЖЗҚ АҚ "Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі" онлайн-семинарын өткізеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ, зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін курсын өткізеді.

Оқуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен журналистер мен белсенді блогерлер де, журналистика факультетінің студенттері де қатыса алады.

Екі күн ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласының мамандары қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді.

Курс бағдарламасында түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

  • Әлемнің зейнетақы жүйелері, халықтың қартаюы, Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (ЖЗЖ) - 25 жыл, БЖЗҚ қызметі
  • Әлеуметтік Кодекс. ЖЗЖ-дағы жаңашылдықтар
  • Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкінің басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланып жатқаны туралы таныстырылым)
  • Сенімгерлік басқарудағы зейнетақы жинақтары (ИПБ).
  • Ұлттық қор – балаларға. Бағдарлама 2024 жылдан бастап қалай жұмыс істей бастайды?
  • Зейнетақы жинақтарынан төлемдер (БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері, оларды алу тетігі, enpf.kz сайтынан ақпаратты қалай табуға болады?)
  • БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. Бастапқы көзден алынған материалдарды және эксклюзивті пікірлерді қолдана отырып, ЖЗЖ туралы қызықты материалды қалай жасауға болады?

Іс-шара онлайн-форматта 23 қарашада орыс тілінде және 24 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінгі уақыт аралығында өтеді.

Қатысу үшін алдын ала тіркелу талап етіледі. Қатысуға өтінім беруші press@enpf.kz электрондық мекенжайына өзі туралы ақпаратты: ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, электрондық мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесін жіберу үшін) көрсете отырып жіберуі қажет.

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

Дата публикации
06 ноября 2023
Дата обновления
06 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы