Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес (Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының 2023.16.06 № 23.7-9/1301 хаты), Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) 2021 жылғы 1 қазаннан 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Мекеме қызметкерлерінің банкте ағымдағы шоты болмаған кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бұзу белгіленді, яғни жалақы басқа жеке тұлғаның карточкалық шотына аударылған.