Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнындағы аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес (Солтүстік Қазақстан облысы жұмыс кеңесі 2023.05.07 хаттамасының 4-тармағы) Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК (бұдан әрі - Кәсіпорын)  2021 жылғы 1 қазаннан 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудиторлық іс-шара барысында мынадай бұзушылықтар анықталды: еңбекақы төлеу бойынша бұзушылықтарға жол берілген; аясы тар мамандықтағы дәрігерлердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын дұрыс есепке алмаған; жалға алынған пәтерлерде нақты тұрмаған қызметкерлердің тұрғын үйді жалға алуына өтемақы төленген; тиісті куәліксіз (нострификациясыз) шетелдік жоғары оқу орындары берген жоғары білім туралы дипломдар, қызметкерлерге біліктіліктің жоғары деңгейін бере отырып, жоғары білімі бар адам ретінде танылған; даму жоспарларын әзірлеу, бекіту қағидалары бұзылған; іссапарлар туралы есептерді уақытылы ұсынбаған; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша шаралар қабылданбаған; автокөлік құралдарының ақаулы жай-күйін растайтын тексеру актілері жоқ; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабында көзделген мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері бар анықталған фактілер бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті органға - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  берілді.

Дата публикации
12 сентября 2023
Дата обновления
12 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы