Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 8 айдың қорытындылары бойнша жұмысы туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 8 айдың қорытындылары бойнша жұмысы туралы ақпарат

1. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырыстары:

Есепті кезеңде Комиссиялардың барлығы 38 отырысы өткізілді, оның ішінде облыстық – 5, аудандық және Петропавл қаласының – 33.

Анықтама:

02.03.2023 жыл.

«Әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау туралы»;

«Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері туралы».

17.02.2023 жыл.

«8 наурыз Халықаралық күнін мерекелеуге арналған циркуляр туралы»;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия қызметінің мәселелері туралы».

04.05.2023 жыл.

«Жасөспірімдер мен жастарға жастар денсаулық орталықтары ұсынатын медициналық-психологиялық көмек, консультациялық қолдау көрсету туралы»;

«Ауыл әйелдерін кәсіпкерлік қызметке тарту туралы»;

«Өмірлік қиын жағдайдағы балалары бар отбасыларды қолдау шаралары туралы».

23.06.2023 жыл.

«Ел аумағында медициналық пойыздың жүруі туралы»;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қызметінің проблемалық мәселелері туралы».

03.07.2023 жыл.

«Ауыл әйелдеріне, жастарына консультациялық, психологиялық, құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы».

2. Профилактикалық іс-шаралар

25 мамыр 2023 жыл

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. С. Көлгіновтың төрағалығымен өткен білім беру объектілерінің қауіпсіздігі, жасөспірімдер қылмысы мәселелері жөніндегі кеңестің хаттамасын орындау үшін С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен бірлесіп«Экология души или духовно-нравственного воспитание личности» «Жан тазалығы – тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізді.

Отырыс барысында:

жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы ақпарат, кәмелетке толмағандарға қатысты жедел деректер тыңдалды;

«Жасөспірімдер қоғамындағы қорқыту мәселесі», «Сүйіспеншілікпен балалар туралы: ата-ана тәрбиесі мәселелері» тақырыптары бойынша тренингтер өткізілді.

кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы ҚР Заңнамасы бойынша консультациялар берілді;

«Рахмет саған Мама…» әлеуметтік бейнеролик қаралды;

Отырыс аяқталғаннан кейін ата – аналарға Зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғудың алдын алуға қалай көмектесуге болатыны, «Буллинг – еңсерудің себептері мен жолдары, ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы» ақпараты бар буклет-жадынамалар табыс етілді.

Осындай отырыстар үкіметтік емес бірлестіктер өкілдерінің, аналар, әкелер кеңестерінің басшыларының, ата-аналар қоғамының қатысуымен облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткізілді;

31 мамыр - Балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан балалар үшін «Мейірімділік шоқжұлдызы астындағы балалық шақ ғаламшары» мерекесі ұйымдастырылды;

31 мамыр – Қызылжар ауданы Архангельское селосында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған «Біздің планетада балалар бақытты болсын» мерекесі (мәдениет және демалыс саябағы 13 сағ.00 мин);

1 маусым – шығармашылық шеберханасы: «Шығармашылық орталығында»: - «Бала деген бір бақыт» - асфальттағы суреттер байқауы - «Балалық шақ аралы» - сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауы - «Дарынды болашақ» - робототехника бойынша мастер-класс;

1 маусым - «Ғылым әлеміндегі балалар» ғылыми фестивалі (встреча с учеными М.Қозыбаев атындағы СҚУ ғалымдарымен кездесі, мастер-класстар, робототехниканың облыстық спорттық жарыстары, боди-арт, асфальттағы суреттер, спорттық жарыстар, концерттер)»;

12 мамыр  - «Ана үйі» қоғамдық қордың 10 жылдығын мерекелеуге қатысу;

16 маусым  - «Solva Group» өкілдерінің қатысуымен облыстың кәсіпкер әйелдеріне арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренинг (№ 1 қаржылық сауаттылық мектебі);

14 мамыр  - Балаларды қорғау күні қарсаңында «Отбасы – бақыт кепілі» фестивалі, 120 адамды (15 отбасының қатысуынем) қамтыған, мәдениет және демалыс саябағы;

14 маусым  - Қазақстан Республикасындағы Әкелер күніне арналған «Әкешім – асқар тауым» шахмат турнирі;

17 маусым - Қазақстан Республикасындағы Әкелер күніне арналған Мейбукан Годзю-Рю Каратэ-до бойынша Петропавл қаласының біріншілігі;

14 - 18 маусым  - «Әкеге алғыс» әлеуметтік желілердегі челлендж;

14 - 18 маусым - «Ұрпақтар сабақтастығы. Әкелер мен аталар» өлкетану мұражайына тақырыптық экскурсия;

14 - 15 маусым  - Қазақстан Республикасындағы Әкелер күніне арналған облыстың мектеп жанындағы алаңдарында және сауықтыру лагерлерінде тақырыптық іс-шаралар;

17 маусым – Аналардың, Әкелердің, Ақсақалдардың кеңестерімен бірлесіп облыстық өлкетану музейінің арт алаңының аумағында «Әкеменен барлығы мүмкін!» Әкелер күнін мерекелеу;

26 маусым- 4 шілде – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелері Саумолкөл, Янко, Белоградовка, Сулы, Баумановская (Айыртау, Тимирязев, Жамбыл аудандары) станцияларында медициналық пойыздың кездесуін ұйымдастырды;

Кездесу барысында аталған елді мекендерде дәрігерлерді қабылдау бойынша Халыққа кеңестер берілді; БАҚ-та кеңінен ақпараттандыру ұйымдастырылды, бейнероликтер шығарылды;

26 тамыз - халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке апарар жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қамту 200 ге жуық баланы құрады.

2023 жылдың басынан бастап Жұмыспен қамту іс - шараларына 6 062 әйел қатысты, олардың 2 600 - бос жұмыс орындарына орналастырылды

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына - 1 978 әйел жұмысқа орналастырылды.

Анықтама: әлеуметтік жұмыс орындарына – 137, жастар практикасына – 217, қоғамдық жұмыстарға – 1 416 әйел, «бірінші жұмыс орны», «ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша – 208.

Қазіргі уақытта «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 784 әйел білім алуда, өтінімдер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан және жұмыс берушіде жұмыс орнында 95 әйел өтуде.

147 әйел өз ісін ашуға, кеңейтуге гранттар мен несиелер алды.

Жыл басынан бері облыста жұмыс берушілер мен жұмыссыз азаматтар үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оған 1877 әйел қатысты, оның ішінде 812 – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді (бос жұмыс орындарына орналастырылды – 482 адам, қоғамдық жұмыстарға жіберілді – 277 адам, әлеуметтік жұмыс орындары – 6 адам, жастар практикасы  – 16 адам, кәсіптік оқытумен қамтылған - 31 адам).

Атаулы әлеуметтік көмекпен 300 млн. теңгеге 1301 отбасы
(5409 адам) қамтылды.

Жалпы, бұл шаралар әйелдерді жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ әйелдер жұмыссыздығының төмендеуіне оң әсер етеді.

Анықтама: 2023 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады (ҚР – 4,7%), әйелдер жұмыссыздығы – 5,3% (ҚР – 5,3%).

Дата публикации
07 сентября 2023
Дата обновления
07 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы