Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшінің беделі — қоғам сенімінің кепілі

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерін орындау жөніндегі қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің тұтастығын және ҚР азаматтарының мүдделерін іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызмет үшін имидж маңызды функционалдық және мәртебелік мәнге ие. Бұл халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және басқарушылық қызметтің тиімділігін, мемлекет жүргізетін өзгерістерді қоғамның бағалау критерийі. Ол мемлекеттік органдар іс-әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтардың және жалпы қоғамның талаптары мен үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Осының салдарынан имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатысты мінез-құлқын едәуір дәрежеде негіздейді, мемлекеттік қызметтің қызметін және оны реформалау бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін айқындайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді жұмыс істеуі мен дамуының қажетті шарты, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру үшін шарт болып табылады.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру – күрделі және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен де тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалған. Осылайша, мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшінің өзі жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды практикада қолдана білу, шынайы, адал, белсенді өмірлік ұстанымы бар, патриотизм сезімінің болуы, мемлекеттік қызметшінің моральдық келбеті сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс.

Біздің міндетіміз – өзінің көп жылдық адал, шынайы еңбегімен және мінсіз беделімен басқаларға, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің жас буынына үлгі болып табылатын мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және ынталандыру болып табылады. Олардың жұмысқа, өкілеттіктерді пайдалану қабілетіне қатысты мемлекеттік қызметшілердің қызметін тұтастай бағалайды. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік органдарының қызметшілері Мырзақанова Гүлнәр Маратқызы, Мигачева Юлия Михайловна және Жүкенова Ләззат Аманжолқызы бар.

Мырзақанова Гүлнәр Маратқызы, 1962 жылы туған, жоғары техникалық білімі бар. 1985 жылы еңбек жолын СҚО Смирнов элеваторында қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері болып бастады. 2007 жылы еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына мемлекеттік қызметке кіріп, қазіргі уақытқа дейін осы лауазымда жұмыс істейді.

Гүлнәр Маратқызының мемлекеттік еңбек инспекторы ретіндегі негізгі міндеттері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, еңбек қатынастары саласындағы саясатты іске асыру, қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету және т. б. болып табылады.

Мигачева Юлия Михайловна, 1986 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі бар. Еңбек жолын 2007 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ-да хатшы-машинист ретінде бастады, одан әрі еңбек шарты бойынша жалпы бөлімнің нұсқаушысы лауазымына көшті. 2013 жылдан бастап ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөліміне бас маман болып ауыстырылды.

2021 жылдан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» КММ ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы.

Юлия Михайловнаның негізгі міндеттері жаңа ақпараттық технологияларды, деректер базасын енгізу, облыс әкімдігінің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту және оның жұмыс істеуін бақылау. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру аясында толық цифрландыруға көшу үшін реинжиниринг және артық бизнес-процестерді қысқарту тұрғысынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ревизиялар жүргізу, ақпараттық жүйелерді, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласында және жергілікті атқарушы органдарда электрондық құжат айналымы жүйесін дамыту және қолжетімділігі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және т. б.

Жүкенова Ләззат Аманжолқызы, 1969 жылы туған, білімі жоғары.

Еңбек жолын 1988 жылы СҚО Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов кеңшарында экономист болып бастаған, онда 1998 жылға дейін жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте: Қызылжар ауданының Рассвет ауылдық округінде бас маман, кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің бас маманы, 2012 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында персоналды басқару қызметінің бас маманы, басшысы болды, қазір персоналды басқару қызметінің бас инспекторы болып жұмыс істейді.

Ләззат Аманжолқызының функционалдық міндеттеріне өңірдегі кадр саясатын іске асыру жатады: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, персоналды басқару стратегиясын іске асыруда барлық деңгейдегі басшыларға қолдау көрсету, облыстық және аумақтық атқарушы органдармен, аудан және қала әкімдерінің аппараттарымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, өңірдегі кадр жұмысының жай-күйін зерделеу және талдау, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығына мониторинг жүргізу, анықталған проблемаларды шешу бойынша талдамалық материалдар мен ұсыныстар дайындау, оларды аппарат басшылығына ұсыну, «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметкерлері бойынша кадрлық іс жүргізуді уақытылы және толық жүргізуді қамтамасыз ету және т. б.

Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің басым көпшілігі өздеріне жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді адал орындайды. Осылайша, олар тек облыстың ғана емес, жалпы елдің дамуына өз үлестерін қосады. Ар-ождан және сенім бойынша жұмыс істеу, адалдық пен тәртіптілік, талдау және дұрыс шешім қабылдау қабілеті – бұл міндеттердің сапалы орындалуына және мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға әкелетін қызметтің негізі болып табылады.

Облыс әкімі аппаратының
әдеп жөніндегі уәкілі С.Серікбаев

Дата публикации
16 августа 2023
Дата обновления
16 августа 2023
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы