Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №163, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №304 бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органмен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының өзара іс - қимыл реттемесіне — (бұдан әрі – Реттеме) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Реттеме Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.03.2021 ж. № 62, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 ж. №249 бұйрығымен бекітіліп, 26.05.2023 ж. күшіне енген.
Реттемеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес:
1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбек өтілін растау жөніндегі Қазақстан Республикасындағы құзыретті органдар – "БЖЗҚ" АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті және олардың аумақтық бөлімшелері;
2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органынан Қазақстан Республикасының аумағында еңбек өтілі туралы "Сұраныс" деректемесі төмендегі кезеңде түскен кезде:
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Келісім (бұдан әрі – Келісім) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және еңбекшілер мен оның отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады.
Келісім ережелеріне сәйкес: