1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырыстары:
02.03.2023 жыл.
«Әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау туралы»;
«Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері туралы».
17.02.2023 жыл.
«8 наурыз Халықаралық күнін мерекелеуге арналған циркуляр туралы»;
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия қызметінің мәселелері туралы».
04.05.2023 жыл.
«Жасөспірімдер мен жастарға жастар денсаулық орталықтары ұсынатын медициналық-психологиялық көмек, консультациялық қолдау көрсету туралы»;
«Ауыл әйелдерін кәсіпкерлік қызметке тарту туралы»;
«Өмірлік қиын жағдайдағы балалары бар отбасыларды қолдау шаралары туралы».
23.06.2023 жыл
«Ел аумағында медициналық пойыздың жүруі туралы»;
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қызметінің проблемалық мәселелері туралы».
2.Профилактикалық шаралар
25.05.2023 жыл
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. С. Көлгіновтың төрағалығымен өткен білім беру объектілерінің қауіпсіздігі, жасөспірімдер қылмысы мәселелері жөніндегі кеңестің хаттамасын орындау үшін С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында «Жан тазалығы – тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанынан Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның бірлескен кеңейтілген отырысы өткізілді.
Кеңейтілген отырыс барысында:
жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы ақпарат, кәмелетке толмағандарға қатысты жедел деректер тыңдалды;
Жасөспірімдер қоғамындағы қорқыту мәселесі», «Балалар туралы махаббатпен: тәрбие мәселелері» тақырыптар бойынша тренингтер өткізілді;
кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы ҚР Заңнамасы бойынша консультациялар берілді;
«Рахмет саған Мама…» әлеуметтік бейнгеролик көрсетілді
Отырыс аяқталғаннан кейін ата-аналарға зорлық-зомбылықты, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғушылықты болдырмауға қалай көмектесуге болатыны туралы, «булинг себептер мен еңсеру жолдары», ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы буклет-ескертпелері таратылды.
Үкіметтік емес бірлестіктер өкілдерінің, аналар, әкелер, ата-аналар қоғамы кеңестерінің басшыларының қатысуымен осындай отырыстар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткізілді.
31 мамыр - Балаларды қорғау күнінің қарсаңында облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан балалар үшін «Мейірімділік шоқжұлдызы астындағы балалық шақ ғаламшары» мерекесі ұйымдастырылды;
31 мамыр – Қызылжар ауданының Архангельское с. қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған «Біздің планетада балалар бақытты болсын» мерекесі (мәдениет және демалыс саябағы 13 сағ.00 мин)
1 маусым - «Шығармашылық орталығында» шығармашылық шеберханасы: - «Бала деген бір бақыт - асфальттағы суреттер байқауы - «Балалық шақ аралы» - сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауы - «Дарынды болашақ» - робототехника бойынша мастер-класс»;
1 маусым - «Ғылым әлеміндегі балалар» ғылыми фестиваль (М.Қозыбаев атындағы СҚУ ғалымдарымен кездесу, мастер-класстар, робототехниканың облыстық спорттық жарыстары, боди-арт, асфальттағы суреттер, спорттық жарыстар, концерттер)»;
1 маусым - «Менің қауіпсіздігім өз қолымда» танымдық-ойын бағдарламасы - «Сөзді дәлелде» конкурсы - өрт қауіпсіздігі бойынша викторина-эстафета «Батыл өрт сөндірушілер» - «Эвакуация» эстафетасы - «Өрттен кейін» эстафетасы - «От» эстафетасы - ән байқауы-арқан тарту;
12 мамыр - «Ана үйі» қоғамдық қорының 10 жылдығын тойлауына атсалысу;
16 маусым - «Solva Group» өкілдердің қатысуымен облыстың кәсіпкер әйелдеріне арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренинг (№ 1 қаржылық сауаттылық мектебі);
14 мамыр - балаларды қорғау күні қарсаңындағы «Отбасы – бақыт кепілі» фестивалі, 120 адам қамтылған (15 отбасы қатысты), мәдениет және демалыс саябағы;
14 маусым - Қазақстан Республикасындағы Әкелер күніне арналған «Әкешім – асқар тауым» шахмат турнирі;
17 маусым - Қазақстан Республикасындағы Әкелер күніне арналған Мейбукан Годзю-Рю Каратэ-до бойынша Петропавл қаласының біріншілігі;
14 - 18 маусым аралығында - «Әкеге алғыс» әлеуметтік желілердегі челендж;
14 - 18 маусым аралығында - «Ұрпақтар сабақтастығы. Әкелер мен аталар» өлкетану мұражайына тақырыптық серуен;
14 - 15 маусым аралығында - Қазақстан Республикасындағы Әкелер күніне арналған облыстың мектеп жанындағы алаңдарында және сауықтыру лагерлерінде тақырыптық іс-шаралар;
17 маусым – «Әкеменен бәрі мүмкін!» облыстық өлкетану музейінің арт алаңының аумағында аналар, әкелер, ақсақалдар кеңестерімен бірлесіп Әкелер күнін мерекелеу.
26 маусым - 4 шілде – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелері Саумалкөл, Сулы, Бауман (Айыртау, Тимирязев, Жамбыл аудандары) станцияларында медициналық пойыздың кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында аталған елді мекендерде дәрігерлерді қабылдау бойынша халыққа кеңестер берілді; БАҚ-та кеңінен ақпараттандыру ұйымдастырылды, бейнероликтер шығарылды