Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өзгерістер мен толықтырулары бар 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №192-ө өкімімен бекітілген 2023 жылғы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ-да (бұдан әрі – Мекеме) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңдегі тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудиторлық іс-шара барысында бұзушылықтар анықталды: Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде № 540 Қағидаларды бұзуға жол берген – Мекеме бюджет қаражатын игеру мақсатында, спецификалар сомасын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ауыстыруды жүргізген; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша шара қабылданбаған; жалақыны, сыйлықақыларды негізсіз есептеу және аудару орын алған; жалдаушылар коммуналдық қызметтерге төлем жасамаған; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар. Мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықталған белгілерінің фактілері бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті орган – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы-мемлекеттік аудитор М. Есмағамбетов