Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өзгерістер мен толықтырулары бар 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №192-ө өкімімен бекітілген 2023 жылғы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-де (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңдегі тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудиторлық іс-шара барысында мынадай бұзушылықтар анықталды: медициналық қызметпен айналысу лицензиясының қосымшалары болмаған кезде Кәсіпорын ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткен; еңбекақы төлеу бойынша бұзушылықтарға жол берілген; тамақ өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын нормативтен тыс есептен шығару; дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жетіспеушілігі; шетелдік жоғары оқу орындары жоғары білімі бар адамдар ретінде қызметкерлерге біліктіліктің жоғары деңгейін бере отырып, тиісті куәліксіз (нострификациясыз) берген жоғары білім туралы дипломдар танылған; негізгі құралдарды жою хаттамалары жасалмаған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар; сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бұзуға жол берілген. Мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықталған белгілерінің фактілері бойынша тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін уәкілетті орган – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.
Сонымен қатар, лицензия қосымшалары болмаған кезде медициналық қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша аудиторлық есеп «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-ға жіберілді.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы-мемлекеттік аудитор М. Есмағамбетов