Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 03 ақпандағы №10-ө өкімімен бекітілген 2023 жылғы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-да (бұдан әрі – Мекеме) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2023 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңдегі тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеменің бюджет қаражатын пайдалану кезінде ең көп бұзушылықтарға жол бергені анықталды: бюджет қаражатын игеру мақсатында, Мекеме спецификалар сомасын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ауыстыруды жүргізген; іссапар шығынын негізсіз өтеген; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шара қабылданбаған; өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеген; қорлардың жетіспеушілігі; мердігерлер тиісті түрде жұмыс орындамаған, бұл орындалмаған жұмыс үшін негізсіз ақы төлеуге әкелген; жалақыны негізсіз есептеу және аудару; бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеу бойынша бұзушылықтар жіберілгенін атап өткен жөн.
Мекеме тарапынан жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері Мекеме қызметкерлерінің қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жеткіліксіз білуінің және Мекеме басшылығы тарапынан бақылаудың нашарлығы, сондай-ақ ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің жоқтығы салдарынан болды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы-мемлекеттік аудитор М. Есмағамбетов