Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 1.9-13/5 аудиторлық іс-шараны өткізуге берген тапсырмасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Мекеме) 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі қызмет кезеңінде.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде Мекеменің қызметкерлері болып табылмайтын адамдарға жалақыны негізсіз аудару жолымен заңсыз әрекеттерге жол бергені анықталды, бұл лауазымды адамдардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне алып келеді.
Мекеме тарапынан жіберілген бұзушылықтардың негізгі себептері Мекеме басшылығы тарапынан бақылаудың болмауынан, сонымен қатар ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің болмауы салдарынан болған.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Мекеме әкімшілік-шаруашылық персоналдың жұмысын бақылауды күшейту керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілетін өзгерістерді үнемі қадағалап отыру, сондай-ақ Мекеменің қаржы қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстарына жіберу.
Сонымен қатар, Мекеме қызметкерлері болып табылмайтын тұлғаларға негізсіз аударылған бюджет қаражаты фактісі бойынша жалпы сомасы 18910,3 мың теңге тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жіберілгенін атап өткен жөн.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы – мемлекеттік аудитор: М.Есмағамбетов