Ағымдағы жылдың басынан беріп Ұлттық жобаларды, сондай-ақ, жеке бастамаларды іске асыру шеңберінде 7821 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардың 55% - ы (14180) орындалды, оның ішінде ауылдық жерлерде 5622 жұмыс орны құрылды. Құрылған 7821 жұмыс орнының 4913-і (63%) - тұрақты, 2908-і уақытша жұмыс орны.
Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сай дағдыларды дамыту үшін 2023 жылы 300-ден астам адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланған. Жыл басынан бері 175 адам өтінімдер бойынша және жұмыс берушінің жұмыс орнында оқуға жіберілді, оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімі бойынша 128 адам, жұмыс орнында 47 адам оқытылды. 26 адам оқуын аяқтады, оның ішінде 21 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардың 81%-ы орындалды.
enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытуға 739 адам жіберіліп, 671 адам сертификат алды.
2023 жылы жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 402,9 млн.теңге сомасына 292 грант беру жоспарлануда. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 97,4 млн. теңге сомасына 71 грант берілді.