Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектігі бар адамдарды сауықтыру орталығы жатады.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс аумағында 39 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Абай көшесi 64, 8(7152)-46-46-97 тел. нөмiрі бойынша толық ақпарат алуға болады.