Меню

Страницы

Статья

Қоныс аудару, этникалық және еңбек көші-қоны

Қоныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жобана сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірлерінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Жетісу, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 758 отбасын (2660 адам) қабылдау жоспарланған.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 899 адамнан тұратын 257 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар Астана қаласынан – 79 отбасы (230 адам), Түркістан облысынан – 69 отбасы (288 адам), Алматы облысынан - 25 отбасы (80 адам), Шымкент қ. – 27 отбасы (122 адам), Жамбыл облысынан – 19 отбасы (49 адам), Қызылорда облысынан – 10 отбасы (42 адам), Алматы қ. – 10 отбасы (25 адам), Маңғыстау облысынан – 10 отбасы (50 адам) және Жетісу облысынан - 8 отбасы (13 адам) көшіп келді.

Келген 899 адамның арасынан 411-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: (151 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 18 адам өз ісімен айналасады), 454-і бала, 20-ы зейнеткер және 14-уі студент.

Этникалық көші-қоны

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жалпы саны 103 адамнан тұратын 76 этникалық қазақ отбасы келді, оның ішінде Ресейден – 60 отбасы (70 адам), Қытайдан – 5 отбасы (16 адам), Өзбекстан Республикасынан – 6 отбасы (12 адам), Монғолиядан – 4 отбасы (4 адам) және Ираннан – 1 отбасы (1 адам) келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар саны - 57 адам.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 44 отбасы (82адам) енгізілді.

Квотаға енгізілген адамдар арасынан 45-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: 16-ы жұмысқа орналастырылды.

Еңбек көші-қоны

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі- Басқарма) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік жұмыскерлерді тарту Басқармамен берілетін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Рұқсаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке бөлінген квота шегінде беріледі.

Осыған байланысты, шетелдік жұмыскерлерді тартқысы келетін жұмыс берушілер ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін Басқарма атына алдағы жылға квота қалыптастыру үшін шетелдік жұмыс күшіне деген қажеттілікті жіберуі қажет.

Рұқсаттар беру және (немесе) оны ұзарту үшін жұмыс берушілерден экономикалық қызмет түріне және тартылатын шетелдік қызметкерлердің санатына байланысты 137-ден 250 АЕК-ке дейінгі салық алымы алынатынын қосымша хабарлаймыз.

Анықтама:СҚО аумағында 2023 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 10 рұқсат қолданылады, оның ішінде: 1- санат бойынша-2 маман, 2 -санат бойынша – 2 маман және 3- санат бойынша-6 маман.

Еңбек мигранттарына 956 рұқсатберілді.

Петропавл қ., Абай көшесі 64 мекенжайындағы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ 8(715-2)-46-37-43 тел. арқылы толығырақ ақпарат алуға болады.

Дата публикации
12 июня 2023
Дата обновления
12 июня 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы