Басқарма жергілікті атқарушы органдар мен Халықты жұмыспен қамту орталықтарын жұмыспен қамту мәселелері бойынша үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ жұмыс күшінің бір бөлігіне жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын талдайды, болжайды, іске асырылып жатқан Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің деректеріне сәйкес 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды, жастар жұмыссыздығы деңгейі 5,1%-ды құрады.
Жұмыспен қамту қызметтерінің көмегімен 6144 адам жұмысқа орналастырылды.
91 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, Облыстың 638 кәсіпорны мен мекемелерінің қатысуымен 4010 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесінде жұмыспен қамту шараларымен 603 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 448 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 104 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 18 адам, жастар тәжірибесіне -14 адам, кәсіптік оқуға— 19 адам жіберілді.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 8 937 адам қамтылды, оның ішінде 6 424 адам немесе 72%-ы - ауылдық жерлердің тұрғындары.
2149 адам оқумен қамтылды, оның ішінде:
Өз ісін ашуға және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға жағдай жасау үшін:
6 717 қатысушыға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, оның ішінде:
2023 жылғы 01.06. жағдай бойынша облыста 7821 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардың 55%-ы (14180) орындалды. Оның ішінде 4913-і тұрақты жұмыс орны немесе жылдық жоспардың 46 %-ын (10635) құрайды. Ең көп жұмыс орындары Петропавл қаласында құрылды-1774.
Бос жұмыс орындары туралы хабарламалар «Электрондық еңбек биржасы» сайтында (Enbek.kz) https://www.enbek.kz/ru/search/vac?region_id=59.
Петропавл қ., Абай көшесі 64 мекенжайындағы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ 8(715-2)-46-22-05 тел. арқылы толығырақ ақпарат алуға болады.