2023 жыл 1 маусым күні облыс әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы ұжымымен кездесу өткіздім. Кездесуге ҚР мемлекеттік істер бойынша Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы департаментінің бас маманы А.К.Оразымбетов қатысты. Ұйымдастырылған іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге қызмет әдебін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қағидаларын және шектерулерді сақтау туралы түсіндіру жұмыстары алып барылды. Әртүрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында кездесу қатысушыларына Қызылжар өңірінде мемлекеттік қызметшілер арасында орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық қылмыстар талдауы, қоғамға қарсы әкімшілік құқықбұзушылықтар және қызметтік әдепті бұзу жағдайлары туралы толық ақпарат берілді. Кездесу барысында ұжымда қалыптасқан моральдық-психологиялық жағдайды анықтау бойынша жуырда өткізілген анонимлік сауалнама нәтижелері жарияланды. Қазіргі күнде басқармада жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан болып, бұл көрсеткіш бойынша ұжым үздіктер қатарында. Сонымен бірге, басқарма басшысы М.Қ.Омаров сөз алып, басқармада қызметтік әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өткізіліп жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Кездесу интерактивті форматта қызықты өтті, сұрақтарға жауап берілді.