2022 жылы эпизоотиялық салауаттылықты сақтау мақсатында барлық көзделген ветеринариялық iс-шаралар толық көлемде орындалды.
Жануарлар мен құстардың 10 аса қауiптi және 3 энзоотиялық ауруына қарсы профилактикалық вакциналау, 4 ауруға диагностикалық зерттеу және 2 ауруға аллергиялық зерттеу жүргiзiлдi. Осылайша қолда бар мал басы профилактикалық вакциналаумен және зерттеулермен қамтылды.
Жиілігін ескере отырып, вакциналау бойынша 4 931 696 манипуляция жүргізілді:барлық жануар түрінің сібір жарасына қарсы – 1 063 788 бас (386 320 ірі қара мал, 422 600 ұсақ мал, 96 700 жылқы, 158 150 шошқа, 18 түйе), ірі қара мал қарасанына қарсы – 222 650 бас, пастереллезге қарсы – 21 200 бас (16 900 ірі қара мал, 4 300 шошқа), ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеитіне қарсы – 25 200 бас, ірі қара малдың вирустық диареясына қарсы – 25 200 бас, жылқы ринопневмониясына қарсы – 14 300 бас, ірі қара малдың нодулярлық дерматитіне қарсы – 315 450 бас, барлық жануар түрінің құтыруына қарсы – 167 830 бас (65 100 ірі қара мал, 57 900 ұсақ мал, 20 750 жылқы, 19 340 ит, 4 740 мысық), құс тұмауына қарсы – 966 896 бас, аусылға қарсы – 2 134 382 бас (908 032 ірі қара мал, 872 283 ұсақ мал, 354 067 шошқа), 39 760 бас итке дегельминтизация жүргізілді, энзоотиялық ауруларға қарсы – 151 520 бас: ірі қара мал гиподерматозына қарсы – 59 800 бас, жылқы сақауына қарсы – 65 580 бас, жылқы пироплазмидозына қарсы – 26 140 бас.
Барлық жануар түрiнiң бруцеллезiне — 882 796 бас (iрi қара мал — 390 643, ұсақ мал — 488 530, жылқы — 497, шошқа — 2 474, ит — 652), ірі қара мал лейкозына — 2 400 бас, хламидиозға — 2 593 бас, тұқымдық қошқарлардың жұқпалы эпидидимитіне — 2 696 бас, ірі қара мал туберкулёзіне – 497 200 бас, жылқы маңқасына – 8 150 бас зерттелдi.
Зертханалық зерттеу нәтижесi бойынша бруцеллезбен ауыратын 206 бас iрi қара мал анықталды, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, 254 басқа аз (2021 жылы — 460 бас).
Мына аудандарда ірі қара мал бруцеллезі анықталды: Айыртау ауданында – 45 бас, Ақжар ауданында – 71 бас, Аққайың ауданында – 33 бас, М. Жұмабаев ауданында – 10 бас, Қызылжар ауданында – 40 бас, Уәлиханов ауданында – 7 бас.
2022 жылы жануарлар аурулары бойынша 25 қолайсыз пункт тіркелді, оның ішінде: ірі қара мал бруцеллезі бойынша – 3 (Қызылжар ауданы Надежка, Боголюбово, Шаховское ауылдары), Ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеиті және вирусты диареясы бойынша – 11 (Тайынша ауданы Краснокиевка ауылы аз. С.Л. Совваның, А.С. Жизницкийдің ауласы, Ясная Поляна ауылы аз. Н.И. Крапинскаяның, аз. Коваленконың ауласы, Ильич ауылы П.А. Масловтың ауласы, Зеленый Гай ауылы С. Геворгянның, И. Сычевскаяның, Ж. Амержановтың ауласы, Уәлиханов ауданы Қайрат ауылы «Kaz G Invest» АӨК, Қулыкөл ауылы К. Аскаровтың ауласы, Золотая Нива ауылы Қаратерек ауылы, Приозерное ауылы ЖК «Сидельников В.С.», Ақжан ауылы А.Н. Серый ЖҚШ) жылқы ринопневмониясы бойынша – 8 ( Смирнов ауылы «Сматаев Г.К.» ШҚ, Ленин ауылы А. Б. Байжанов, К.С. Хаметов ЖҚШ, Новоникольск ауылы «Рунде Н.О.» ШҚ, М. Жумабаев ауданы Таман ауылы, С.Х. Алмагамбетовтің ауласы, Сарытомар ауылы Х.К. Рысбаевтың ауласы, Возвышенка ауылы В.И. Сабадаштың ауласы, Молодогвардейск ауылы Е.М. Кенжебеваның ауласы, Надежка ауылы С.С. Тургуновтың ауласы), ірі қара мал пастереллезі бойынша – 1 (Тимирязев ауданы Ақжан ауылы А.Н. Серый ЖҚШ), жылқы сақауы бойынша – 1 (Айыртау ауданы Бірлестік ауылы К.К. Махметовтің ауласы), жылқы тұмауы бойынша – 1 (Есіл ауданы бұрынғы Орталық ауылы маңындағы қаша).
2021 жылы ірі қара мал бруцеллезі бойынша 9 қолайсыз пункт тіркелсе, 2022 жылы 3 пунктке дейін азайды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының 504,7 мың бас төлі бірдейлендірілді, оның ішінде ірі қара мал — 128,3 мың бас, ұсақ мал — 170,7 мың бас, жылқы — 33,8 мың бас, шошқа — 171,7 мың бас.
Жануарлар және жүргiзiлген ветеринариялық iс-шаралар туралы мәлiметтер «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру» ақпараттық жүйесiне енгiзiлдi.
Жануар иелеріне 301 бас ірі қара мал мен 1 бас жылқы үшін 37 млн. теңге өтемақы төленді.
Облыста 351 мал қорымы бар.
Мал қорымдарынан басқа оларға балама болып табылатын биологиялық қалдықтарды жоюға арналған 35 инсинератор бар, оның ішінде 22 стационарлық және 13 жылжымалы инсинератор.
2022 жылы 24 мал қорымы салынды (Айыртау - 2, Аққайың – 4, Есіл – 1, Жамбыл - 2, М. Жұмабаев – 1, Қызылжар – 1, Мамлют – 2, Ғ. Мүсірепов – 3, Тайынша - 2, Тимирязев – 1, Уәлиханов – 4, Шал ақын - 1). Мал қорымына балама ретінде Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі АМТД – 500Д маркалы 2 инсинератор, Ақжар ауданының әкімдігі 2 инсинератор сатып алды.
11 мал қорымы реконструкцияланды (Аққайың – 1, Есіл – 3, М. Жұмабаев – 2, Тайынша – 1,Тайынша – 1, Қызылжар – 1, Тимирязев – 1, Шал ақын - 2).
Облыстың ветеринариялық қызметi мемлекеттiк қызметтiң 3 түрiн көрсетедi, оның iшiнде Басқарма мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң 1 түрi «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» қызметiн, аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң 2 түрi «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» қызметтерiн көрсетедi.
«ҚР АШМ «E-AGRICULTURE» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы барлығы 48 015 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:
- «Ветеринариялық анықтама беру» бойынша 40 243 мемлекеттік қызмет, оның ішінде заңды тұлғаларға 7 784, жеке тұлғаларға 32 459 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Ветеринариялық паспорт беру» бойынша 7 772 мемлекеттік қызмет, оның ішінде заңды тұлғаларға 1 675, жеке тұлғаларға 6 097 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Көрсетiлетiн қызметтi алушылар тарапынан мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Жалпы қаржыландыру көлемi 1,9 млрд. теңгенi құрады. Оның iшiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзуге 1,7 млрд. теңге, (аса қауiптi аурулардың профилактикасы мен диагностикасына — 1 млрд. 240 млн. 835 мың теңге, энзоотиялық ауруларға — 127 млн. теңге, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға — 10,8 млн. теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруге — 184,1 млн. теңге.), бруцеллез малдың құнын өтеуге — 37 млн. тенге, ветеринариялық препараттар сатып алуға – 51,0 млн.теңге, қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау, бірдейлендіру, вакциналау және стерилизациялауға — 42,6 млн. теңге.
2022 жылы ветеринариялық станцияларға 62 ветеринар маман жұмысқа орналасты, оның iшiнде жоғары және орта оқу орындарының 30 түлегi орналастырылды, республиканың жұмыс күші артық өңірлерінен қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1 маман жұмысқа орналастырылды, «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша 4 маман және басқа да 27 маман жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар 2022 жылы Ж. Қизатов атындағы Есiл жоғары ауыл шаруашылығы колледжiне 59 адам, оның ішінде күндізгі оқуға 25 адам және сырттай оқуға 34 адам түсті.
Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында 5 ветеринар маман біліктілігін арттыру курстарынан өттi, сондай-ақ Ж. Қизатов атындағы Есiл жоғары ауыл шаруашылығы колледжi негізінде өткізілген жануарларды дауалау жөніндегі операторларды даярлау курстарына 61 адам қатысты.
2023 жылға арналған мiндеттер:
Ветеринариялық iс-шараларды уақтылы және сапалы жүргiзу бiрiншi кезектегi мiндеттер болып табылады.
Осы жылы ветеринариялық іс-шараларды ақпан айынан бастап жүргізу жоспарланып отыр, бұл жануарларға жайылымға шығарғанға дейін ем-дом шараларын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бейінді комитетімен келісілді.
Нәтижесiнде тұрақты эпизоотиялық жағдай сақталады және жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының тiркелу жағдайлары азайып, мал басы көбейедi және жануарлардың өнiмдiлiгi артады, қауiпсiз мал шаруашылығы өнiмiн өндiру қамтамасыз етiледi, халықтың әл-ауқаты жақсарады.
Ветеринариялық қызметтің негізгі міндеттері:
- тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау;
- ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге қатысатын ветеринар мамандардың жалақысын өсіру;
- процестерді цифрландыру, деректердің жиналуын және берілуін автоматтандыру;
- ветеринария саласына жас мамандарды тарту.