Меню

Страницы

Статья

Солтүстік-Қазақстан облысының 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2023 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 188 699,8 млн. теңге сомасына қолданыстағы бағамен өнім шығарды, бұл 2022 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен 19,2%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (82%) 2023 жылғы қаңтар-сәуірде 154 791,1 млн. теңгеге немесе 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі деңгейден 22,2%-ға жоғары өнім өндірілді.

2023 жылғы қаңтарда-сәуірде тамақ өнімдерін өндіру 88 929,7 млн. теңгені құрады, етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 19,4%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 27,8% алып жатқан машина жасау саласында 42 959,2 млн. теңге сомаға өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, бұл 2022 жылғы қаңтардағы-сәуірдегі көлемнен 21,4%-ға артық.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 3 082,1 млн. теңгеге өнім өндірілді, өзге де металл емес минералды өнімдер 2 906,6 млн. теңгеге шығарылды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 18,2%-ға артық.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2023 жылғы қаңтар-сәуірде көлемі 25 851,9 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнен 0,7%-ға артық.

Сумен жабдықтау саласында 2023 жылғы қаңтар-сәуірде көлемі
6 499,6 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-сәуірден 13,7%-ға артық.

ИБК (бұрынғы – ИИДМБ) үшінші бесжылдығы шеңберінде 2022-2025 жылға шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 141 млрд. теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. 2023 жылғы қаңтар-сәуір аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 73 594,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтардағы-ақпандағы деңгейіне 103,9%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 30,8 мың тоннаны немесе 2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 107,4% құрады.

Сүт –

142,8

мың тонна

(105%);

Жұмыртқа –

190,8

млн. дана

(89,3%).    

2023 ж. 01.05. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ -

529,9

мың бас

(102,8%);

 

с.і. сиыр -

240,3

мың бас

(103,2%);

 

қой -

511,3

мың бас

(103,5%);

 

ешкі -

18,1

мың бас

(106,1%);

 

жылқы -

171,2

мың бас

(106,6%);

 

шошқа -

239,6

мың бас

(96,8%);

 

құс -

4547,7

мың бас

(107%).

 

Кәсіпкерлік. 2023 жылғы 1 мамырда облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 34 582 бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 180,9 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2022жылғы сәйкес кезеңге 1,4 есе өсу, соның ішінде тауарларды экспорттау – 99,4 млн. АҚШ доллары (0,3 % ұлғаю), импорт – 81,5 млн. АҚШ доллары (2,6 есеге ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 18,0 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 28,1%), Қытай (9,6%), Өзбекстан (30,7%), Польша (3,9%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 81,5%-ы немесе 89,7 млн. АҚШ доллары.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 9,9%), Германия (41,1%), Италия (2,1%), Түркия (7,1%), АҚШ (2,3%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 77,5%-ы немесе 63,1 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (7,2 %-ы немесе 5,8 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (6,1 %-ы немесе 5,0 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (4,1%-ы немесе 3,3 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 141,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,3%-ға артық, соның ішінде импорт – 105,1 млн. АҚШ доллары (1,7%-ға артық), экспорт – 36,0 млн. АҚШ доллары (2,2 есе ұлғайту).

Негізгі капиталға инвестициялар. 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегі қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 83 599,3 млн. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас кезеңге 120% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 62%), мемлекеттік бюджеттен (6,4%), кредиттері (3,9%) және басқа қарыздық қаражат (27,7%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (58,5%), көлік және қоймалау (11,5%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,6%), өнеркәсіп (10,5%).

Тұрғын үй құрылысы. 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыс аумағында жалпы ауданы 35618 шаршы метр тұрғын үйлер енгізілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,1%-ды құрайды.

Сумен қамтамасыз ету. «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 2023 жылы көзделгені:

- сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға - 11 227,4 млн. теңге (РБ-9 370,3 млн. теңге, ЖБ - 1 857,2 млн. теңге). Игеру-1 363,0 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%). 

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға - 3 972,7 млн.теңге. Игеру-1 159,7 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).

«Ауыл-ел бесігі» шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша-1 368,2 млн. теңге (РБ - 1 198,7 млн. теңге, ЖБ - 169,5 млн. теңге). Игеру-196,8 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).

Сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) 0 млн. теңге бөлінді.

2023 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2023 жылғы қантар-сәуірде өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 5887 адамды құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 47,9%-ға жоғары. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 2,0 пайызды құрады, бұл 2022 жылғы сәйкес деңгейде 0,7%-ға жоғары.

2023 жылғы 1 мамырда 3220 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 8197 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 1918 адам жіберілді.

2023 жылғы 1 мамырда 5001 азаматқа 189,8 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

«Денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 19 млрд. 383,8 млн. теңгені құрады, 2023 жылғы 1 мамыр жоспарындағы 2 млрд. 205 млн.теңгеден 2 млрд. 204,9 млн. теңге немесе 100 % игерілді, оның ішінде:

- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 1 млрд 720,7 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 242,8 млн. теңге, ҰҚ – 477,9 млн. теңге ), есепті кезең жоспары 240,6 млн. теңге (ЖБ – 240,6 млн. теңге), атқарылғаны 240,6 млн.теңгені құрады (ЖБ – 240,6 млн. теңге);

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 5 млрд. 325,3 млн. теңге (ЖБ – 5 млрд. 73,5 млн. теңге, ҰҚ – 251,8 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар қарастырылмаған;

- 2023 жылға денсаулық сақтау объектілерін дамытуға барлығы 8 655,7 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:

Ішкі қарыздар есебінен:

Петропавл қаласының «Береке» ықшам ауданында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу - 50 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 2,3 млн. теңге қаражат толығымен игерілді.

Петропавл қаласында («Жас Өркен» ықшам ауданы) бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу – 218,1 млн.теңге. 2023 жылғы
1 мамырға жоспар 218,1 млн.теңге, қаражат толығымен игерілді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

Петропавл қаласының «Береке» ықшам ауданында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу - 406,1 млн.теңге. 2023 жылғы 1 мамырға жоспар 210 млн.теңге, қаражат толығымен игерілді.

Петропавл қаласында («Жас Өркен» ықшам ауданы) бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу – 300 млн.теңге. 2023 жылғы
1 мамырға жоспар 200 млн.теңге, қаражат толығымен игерілді.

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) – 3 495,2 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 759 млн.теңге.

Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 530 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 0,3 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

Қызылжар ауданы Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 413,5 млн.теңге. 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов ауылында 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияны жобалау және салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 1 млн.теңге.

 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу – 1 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Привольное ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу – 1 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 0,3 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу – 1 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 1 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы Мағжан Жұмабаев көшесі, 25 мекенжайында дәрігерлік амбулатория салу – 1 млн.теңге.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен:

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) – 673,2 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 500 млн.теңге.

Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 399,9 млн.теңге.

Қызылжар ауданы Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 482,5 млн.теңге. 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу – 234,3 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Привольное ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу – 214,3 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 0,3 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу – 155,6 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 461,8 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы Мағжан Жұмабаев көшесі, 25 мекенжайында дәрігерлік амбулатория салу – 529,5 млн.теңге.

«Білім». «Білім» саласына 2023 жылға 147 752,3 млн. теңге қарастырылды.

2023ж. 01.05 жоспардағы 42 079,7 млн. теңгеден игерілу 42 077,7 млн. теңгені немесе 100% құрады.

Барлығы 2023 жылға білім беру объектілерін дамытуға 12 135,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:

- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 2262,4 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 480 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен:

- «Копай» ықшам ауданында 1200 орындық мектеп салу – 2465,0 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1232,5 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

- «Орман» ықшам ауданында 300 орындық мектеп салу – 1719,4 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 859,7 млн.теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

- Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 мекенжайында 120 орынға арналған мектеп салу – 136,7 млн. теңге. 2023 жылғы 1 мамырдағы жоспар 136,7 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.

- Аққайың ауданы Смирнов ауылында 300 орындық мектеп салу – 673,8 млн. теңге.

- Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 237,1 млн. теңге. 2023 жылғы 1 мамырдағы жоспар 110,4 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.

- Есіл ауданы Явленка ауылындағы балалар демалыс орталығы ретінде әкімшілік ғимаратты реконструкциялау – 131 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 35,8 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

-Петропавл қаласы Пушкин көшесі, 86 Б мекенжайында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу (сыртқы инженерлік желі) – 153,4 млн. теңге. 2023 жылғы 1 мамырдағы жоспар 100,0 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.

- СҚО Петропавл қаласы Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан «Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ» ШЖҚ РМК әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 321,0 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 87,7 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу – 3980,1 млн. теңге.

ЖҚЖК шеңберінде ішкі қарыздар есебінен:

- Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу (абаттандыру мен сыртқы инженерлік желі) – 41,1 млн. теңге.

- Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 14,5 млн. теңге.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 5474,7 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 1018,2 млн. теңгеден 1018,0 млн. теңге немесе 100% игерілді.

Мектептер саны

472

465

98,5%

Қосымша 

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2021 жыл

2022 жыл

Қаңтар-сәуір

2023 ж. 2022 ж. %

2022

жыл

2023 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

105,5

110,7

28,7

30,8

107,4

Сүт

мың тонна

635,2

647,8

136,1

142,8

105

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2023 жылғы қаңтар-сәуір айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2023 жылғы қаңтар-сәуір айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Дата публикации
31 мая 2023
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы