Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұжымымен кездесу өткіздім. Кездесу барысында ұжымда қалыптасқан моральдық-психологиялық жағдайды анықтау бойынша жуырда өткізілген анонимлік сауалнама нәтижелерін ашық талқылап алдық. Қазіргі күнде ұжымда қанағаттанарлық моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан. Талқылау барысында басқарма басшысы Д.Ө.Әмрин өз пікірімен бөлісті. Кездесуге ҚР мемлекеттік істер бойынша Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы департаментінің бас маманы А.К.Оразымбетов қатысты. Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік қызметшілерге қызмет әдебін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қағидаларын, шектерулерді сақтау туралы түсіндіру жұмыстары алып барылды. Әртүрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында кездесу қатысушыларына Қызылжар өңірінде мемлекеттік қызметшілер арасында орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық қылмыстар талдауы, қоғамға қарсы әкімшілік құқықбұзушылықтар және қызметтік әдепті бұзу жағдайлары туралы толық ақпарат берілді. Кездесу интерактивті форматта қызықты өтті, сұрақтарға жауап берілді.