Меню

Страницы

Статья

2023 жыл мамыр айы халеті бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік органдарының ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалы.

          Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні облыс әкімінің аппаратында және облыс әкімшілігінің басқармаларында моральды-психологиялық жағдайды анықтау бойынша кезекті анонимді сауалнама өткіздім. Сауалнама объективті болуы мақсатында интернеттің Google платформасында Gmail программасын қолдану тәсілімен өткізілді.

           Талдау деректері бойынша облыс әкімінің аппаратында, мемлекеттік еңбек инспекциясында, дін істері, цифрлық технологиялар, дене шынықтыру және спорт, ветеринария, қаржы, ЖҚҮжӘББ, МСҚБжЛБ, ЖКжАЖБ басқармаларында барынша жағымды моральдық-психологиялық ахуал байқалады.    

           Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ішкі саясат, мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ішкі саясат, мәдением, тілдерді дамыту және архив ісі, білім, экономика, денсаулықты сақтау, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларында қанағаттанарлық моральдық-психологиялық ахуал байқалады.

          Талдау нәтижелері бойынша моральдық-психологиялық ахуалды дұрыстау бойынша сегіс ұсыныстар жасалып, басқармаларға жіберілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер арасында жұмысты тең бөліп беру, оларды үстеме жұмысқа тек заңды түрде тарту сияқты мәселелер бойынша.

          Қазіргі күнде моральдық-психологиялық ахуал облыс әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасында талапқа жауап беретін жағдайда емес. 2023 жыл осы ұжыммен кездесу өткізілді. Кездесуде орын алған теріс жағдайды қалпына келтіру бойынша шаралар талқыланып алынды.

 

СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі          

т.34-02-17

 

 

 

Дата публикации
22 мая 2023
Дата обновления
22 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы