Өнеркәсіп. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 138 203 млн. теңге сомасына қолданыстағы бағамен өнім шығарды, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 20,4% - ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (81,2%) 2023 жылғы қаңтар-наурызда 112 253,8 млн. теңгеге немесе 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейден 25,2% - ға жоғары өнім өндірілді.

2023 жылғы қаңтарда-наурызда тамақ өнімдерін өндіру 66 652,4 млн. теңгені құрады, етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 66,5% - ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 25,3% алып жатқан машина жасау саласында 28 373,3 млн. теңге сомаға өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, бұл 2022 жылғы қаңтардағы-наурыздағы көлемнен 44,2% - ға артық.
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 1 925,4 млн. теңгеге өнім өндірілді, өзге де металл емес минералды өнімдер 1 995,3 млн. теңгеге шығарылды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 28,8%-ға артық.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2023 жылғы қаңтардағы-наурыздағы көлем 19 898,4 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтарға-наурызға қарай 96,7% құрады.
Сумен жабдықтау саласында 2023 жылғы қаңтардағы-наурыздағы көлемі 4 955,4 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтарға-ақпанға қарай 117,4% - құрады.
ИБК (бұрынғы – ИИДМБ) үшінші бесжылдығы шеңберінде 2022-2025 жылға шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 141 млрд. теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2023 жылғы қаңтардағы-наурыздағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 48 000,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтардағы-ақпандағы деңгейіне 104,6%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 24,5 мың тоннаны немесе 2022 жылғы қаңтардағы-ақпвндағы 107,2% құрады.
|
Сүт – |
79,8 |
мың тонна |
(107,7%); |
|
Жұмыртқа – |
133,2 |
млн. дана |
(86,3%). |
2023 ж. 01.04. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
|
ІҚМ - |
522,0 |
мың бас |
(103,4%); |
|
|
с.і. сиыр - |
237,0 |
мың бас |
(104,0%); |
|
|
қой - |
434,2 |
мың бас |
(103,6%); |
|
|
ешкі - |
15,2 |
мың бас |
(105,4%); |
|
|
жылқы - |
149,8 |
мың бас |
(106,4%); |
|
|
шошқа - |
225,9 |
мың бас |
(97,5%); |
|
|
құс - |
4 330,6 |
мың бас |
(110,2%). |
|
Кәсіпкерлік. 2023 жылғы 1 сәуірде облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 34 182 бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 618,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңге 1,7 есе өсу, соның ішінде тауарларды экспорттау – 366,4 млн. АҚШ доллары (1,5 есеге ұлғаю), импорт – 252,3 млн. АҚШ доллары (2,0 есеге ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 114,1 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 28,3%), Қытай (9,7%), Өзбекстан (23,1%), Польша (5,7%), Бельгия (7,2%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 95,6%-ы немесе 350,4 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 13,1%), Германия (41,5%), Украина (2,9%), Түркия (5,3%), АҚШ (3,4%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 74,9%-ы немесе 189,0 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (9,9 %-ы немесе 25,0 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (6,0 %-ы немесе 15,3 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (4,2%-ы немесе 10,6 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар- желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 571,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 10,3%-ға артық, соның ішінде импорт – 465,8 млн. АҚШ доллары (5,1%-ға артық), экспорт – 105,4 млн. АҚШ доллары (1,4 есе ұлғайту).
Негізгі капиталға инвестициялар. 2023 жылғы қаңтар-наурызды қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 63 771,3 млн. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас кезеңге 115,8% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 58,9%), кредиттері (3,7%) және басқа қарыздық қаражат (32%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (59,3%), көлік және қоймалау (10,7%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,6%), өнеркәсіп (14,5%).
Тұрғын үй құрылысы. Облыс аумағында 2023 жылдың қаңтар айында тұрғын үйлердің жалпы ауданы 23749 шаршы метрді құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90.8% құрайды.
Сумен жабдықтау. «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 2023 жылы көзделгені:
- сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға - 9 052,2 млн. теңге (РБ – 8 970,3 млн. теңге, ЖБ-81,9 млн. теңге). Игеру-1 075,3 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға 3 472,7 млн.теңге. Игеру - 868,6 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл-ел бесігі»шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға
сумен жабдықтау бойынша - 1 368,2 млн. теңге (РБ - 1 198,7 млн. теңге, ЖБ - 169,5 млн. теңге). Игеру - 196,8 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).
Сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) 0 млн. теңге бөлінді.
2023 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.
Әлеуметтік қорғау. 2023 жылғы қантар-наурызда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 5447 адамды құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 38,2%-ға жоғары. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,9 пайызды құрады, бұл 2022 жылғы сәйкес деңгейде 0,6%-ға жоғары.
2023 жылғы 1 сәуірде 2009 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 5355 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 1486 адам жіберілді.
2023 жылғы 1 сәуірде 4819 азаматқа 123,5 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
«Денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 16 млрд. 176,3 млн. теңгені құрады, 2023 жылғы 1 сәуір жоспарындағы 1 млрд. 321,3 млн.теңгеден 1 млрд. 321,3 млн. теңге немесе 100 % игерілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 1 млрд 242,8 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 242,8 млн. теңге), есепті кезең жоспары 66,3 млн. теңге (ЖБ – 66,3 млн. теңге), атқарылғаны 66,3 млн.теңгені құрады (ЖБ – 66,3 млн. теңге);
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 5 млрд. 73,5 млн. теңге (ЖБ – 5 млрд. 73,5 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар қарастырылмаған;
- 2023 жылға денсаулық сақтау объектілерін дамытуға барлығы 6 177,8 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:
Ішкі қарыздар есебінен:
Петропавл қаласының «Береке» ықшам ауданында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу - 50 млн.теңге.
Петропавл қаласында («Жас Өркен» ықшам ауданы) бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу – 218,1 млн.теңге. 2023 жылғы
1 сәуірге жоспар 100 млн.теңге, қаражат толығымен игерілді.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
Петропавл қаласының «Береке» ықшам ауданында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу - 406,1 млн.теңге. 2023 жылғы 1 сәуірге жоспар 110 млн.теңге, қаражат толығымен игерілді.
Петропавл қаласында («Жас Өркен» ықшам ауданы) бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу – 300 млн.теңге. 2023 жылғы
1 сәуірге жоспар 100 млн.теңге, қаражат толығымен игерілді.
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) – 3 495,2 млн.теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 759 млн.теңге.
Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 530 млн.теңге.
Қызылжар ауданы Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 413,5 млн.теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов ауылында 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияны жобалау және салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 1 млн.теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу – 1 млн.теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Привольное ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу – 1 млн.теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу – 1 млн.теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 1 млн.теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы Мағжан Жұмабаев көшесі, 25 мекенжайында дәрігерлік амбулатория салу – 1 млн.теңге
«Білім». «Білім» саласына 2023 жылға 146 077,5 млн. теңге қарастырылды.
2023ж.01.04 жоспардағы 30314,3 млн. теңгеден игерілу 30313,3 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Барлығы 2023 жылға білім беру объектілерін дамытуға 11 256,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 2262,4 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 290 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен:
- «Копай» ықшам ауданында 1200 орындық мектеп салу – 2465,0 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1232,5 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
- «Орман» ықшам ауданында 300 орындық мектеп салу – 1719,4 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 859,7 млн.теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
– Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 201 мекенжайында 600 орынға арналған мектеп салу (қосымша) – 300,0 млн. теңге.
- Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 мекенжайында 120 орынға арналған мектеп салу – 43 млн. теңге. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жоспар 43 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.
- Аққайың ауданы Смирнов ауылында 300 орындық мектеп салу – 467,6 млн. теңге.
- Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 237,1 млн. теңге. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жоспар 71,1 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.
- Есіл ауданы Явленка ауылындағы балалар демалыс орталығы ретінде әкімшілік ғимаратты реконструкциялау – 131 млн. теңге.
-Петропавл қаласы Пушкин көшесі, 86 Б мекенжайында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу (сыртқы инженерлік желі) – 153,4 млн. теңге. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жоспар 58,4 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.
- СҚО Петропавл қаласы Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан «Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ» ШЖҚ РМК әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 321,0 млн. теңге.
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу – 3101,4 млн. теңге.
ЖҚЖК шеңберінде ішкі қарыздар есебінен:
- Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу (абаттандыру мен сыртқы инженерлік желі) – 41,1 млн. теңге.
- Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 14,5 млн. теңге.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 5437,7 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 41,4 млн. теңгеден 41,4 млн. теңге немесе 100% игерілді.
|
Мектептер саны |
472 |
465 |
98,5% |
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2021 жыл |
2022 жыл |
Қаңтар-наурыз |
2023 ж. 2022 ж. % |
|
|
2022 жыл |
2023 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
105,5 |
110,7 |
22,8 |
24,5 |
107,2 |
|
Сүт |
мың тонна |
635,2 |
647,8 |
74,1 |
79,8 |
107,7 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
553,2 |
705,7 |
101,4 |
133,2 |
250 |

