Меню

Страницы

Статья

Үстеме жұмысқа тарту тек заң жүзінде

Қазіргі күнде мемлекет қызметшілерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау құзырлы мемлекеттік мекемелер бақылауына алынған. Осы пост қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту қағидалары туралы. Бұл бағыттада ақырғы он-онбес жылдарда түбегейлі өзгерістер сезіледі. Жасырудың қажеті не – бұдан небары он жылдар алдын алдыңғы жұмыста болғанымда сағат 21-22лерге дейін, басшылық жұмыстан қайтпағанша жұмыс орнында қадалып отыратын едік. Ол кездерде озат қызметшілерді анықтау өлшемшарттары (критерий) басқашалау еді... Қоғамымыздың жыл сайын алға қарай өркендеуімен бірге бұл саладада жақсы өзгерістер бар. Бұл өзгерістердің басты ұйтқышысы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер бойынша Агенттігі және оның жергілікті Департаменттері. Ал бұл өзгерістерді жүзеге асыруда әдеп жөніндегі уәкілдердің үлесі күшті.

Мемлекеттік қызметшіні үстеме жұмысқа  тарту негіздері заңда, яғни ҚР Еңбек кодексінің 77-бабында нақты, айқын және толық белгіленген. Заңда күрсетілген негіздерді сараптама етсек, еліміздің қорғанысы үшін, төтенше жағдайлар кезінде, дүлей зілзала немесе опаттар кезінде, адам өмірінің тіршілігін қамтамасыз ету жұмыстары барысында, үзіліс жасауға болмайтын жұмыстарды жалғастыру үшін, азаматтарға шұғыл және күттірмейтін жәрдем көрсету үшін жұмыскердің келісімінсіз үстеме жұмыстарға жол беріледі. Ал басқа кез келген жағдайларда үстеме жұмысқа тарту жұмыскердің тек жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Үстеме жұмысқа жұмыскердің келісімі алынғаннан кейін жұмыс беруші бұл туралы бұйрық шығарады. Заңда белгіленгендей, бұйрық негізінде жұмыскерге қосымша демалыс күні немесе ақшалай компенсация беріледі.

Бұдан алдын мемлекеттік қызметшілердің заңсыз  үстеме жұмыстарға тарту жағдайлары бойынша заңды шешім қабылдайтын құзырлы мекеме Мемлекеттік еңбек инспекциясы болатын. Ал қазір осы жылдың 1 сәуірінен бастап, заңға кірітілген өзгерістерге көре бұл салада құзырлы мекеме Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер бойынша Агенттігі және оның жергілікті Департаменттері болып белгіленді. Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмыстарға тарту жағдайлары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңына сәйкес көп мөлшерде айыппұл белгіленген.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыс әкімдігінің басқармаларында және облыс әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің заңсыз үстеме жұмыстарға тартылу фактілерінің жолын кесу бойынша он үш рейд жүргізді. Рейдтер барысында заңды бұзушылықтар анықталған жоқ.  

Мемлекеттік қызметшілердің «үстеме жұмыс істеу» мәселесі өзекті болып табылады, оған жол бермеу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді үстеме жұмысқа тек заң шеңберінде тарту өздеріңізге және Сіздердің табанды позицияларыңызға байланысты.

 

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі                                                       С.Серікбаев

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы