Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні ҚР Мемлекеттік істер бойынша Агенттігімен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2023 жылға арналған үлгілі жұмыс ЖОСПАРЫ және Әдеп жөніндегі кеңестің 2023 жыл 27 қаңтардағы 2 санды Шешімін орындау барысында облыс әкімі аппараты мен басқармаларының жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, тиісті түсіндіру жұмыстарын өткіздім. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік істер бойынша Агенттігінің СҚО департаменті басқарма басшысы Б.Қ.Жанбұлов қатысты. Жиылысқа арнайы шақырылған, мемлекеттік қызметте 25 жылдан астам өтілі бар облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы С.Г.Гайсин жастармен мол еңбек тәжрибесімен бөлісіп өзінің ақыл-өсиіттерін айтып өтті. Жас қызметшілерге әдеп кодексі талаптарын түсіндіруден тысқары оларға жұмыста, өмірде кездесетін түрлі жағдайлар бойынша интерактивті сұхбат өткізілді, сұрақтарына жауаптар берілді. Оларға қазіргі күнде мемлекет қызметшілері арасында жиі кездесетін қызмет әдебін бұзушылық жағдайлары мысалдарды келтіре отырып жеткізілді және түсіндірілді. Әрқашанда қызмет әдебін сақтап, жемқорлық іс-әрекеттерден аулақ болу ескертілді. Кездесу интерактивті форматта қызықты өтті.
Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі С.Серікбаев